Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1310 Қаулысы
(2014.23.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 11 тамыздағы № 638 Қаулысымен күші жойылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандары;
2) Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын (сипаттамасы) және оларды беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 175 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 10, 89-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 тамыздағы № 1236 және 2006 жылғы 15 наурыздағы № 175 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы № 515 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 21, 211-құжат).
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2009.26.05. № 777 Қаулысымен үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандары жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Жоғары білім туралы дипломы, Жоғары білім туралы үздік дипломның, Жоғары білім туралы үздік дипломның, Жоғары білім туралы дипломның, Магистр дипломының, Доктор дипломының, Интернатураны бітіргені туралы куәліктің және Дипломға қосымшаның (транскрипт) қосымшаның парақтарының нысандары ҚР Үкіметінің 2011.17.05. № 527 Қаулысымен жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1310 қаулысымен
бекітілген
Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың
түрлері мен нысандары
1. Куәлік, аттестат, диплом қорытынды аттестаттаудан өткендігі туралы куәландыратын және академиялық дәрежені тағайындап және (немесе) біліктілікті бере отырып, білім алушының тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын меңгергенін растайтын білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері (бұдан әрі - құжаттар) болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2013.12.02. № 123 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Құжаттардың барлық түрлері:
1) көлемі 224 x 160 мм қатты мұқабадан;
2) көлемі 210 x 150 мм қосымша парақтан;
3) қосымшадан тұрады.
ҚР Үкіметінің 2013.12.02. № 123 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Құжат мұқабасы:
1) үздік құжат үшін - қызыл түстен;
2) «Алтын белгі» белгісімен марапатталған тұлғаларға берілетін құжат үшін - көгілдір түстен;
3) магистр, доктор (PhD, бейіні бойынша) дипломдары үшін - күрең қызыл түстен;
4) басқа қалған құжаттар үшін - қою көк түстен дайындалады.
4. Құжаттардың барлық түрлерінің мұқабасында алтын түспен жасалған:
1) жоғары жағында мемлекеттік тілде: «Қазақстан Республикасы» деген өрнектелген жазу;
2) ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының бейнесі;
3) Мемлекеттік елтаңба бейнесінің астында мемлекеттік тілде өрнектеліп жазылған құжат түрінің атауы орналасады.
5. Құжаттарға қосымша парақтардың, қосымшалардың бланкілері баспаханалық тәсілмен басылады (қолмен немесе баспа құрылғыларының көмегімен толтырылатын деректерді есепке алмағанда).
ҚР Үкіметінің 2013.12.02. № 123 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Қосымша парақтардың, қосымшалардың бланкілері арнайы қорғаныш (су тамғысы белгілерімен) дәрежелері бар мынадай қағазда басылады:
1) ақшыл-қызғылт түс - үздік белгісі бар құжаттардың қосымша парақтары магистр, доктор (PhD, бейіні бойынша), сондай-ақ «Алтын белгі» белгісімен марапатталған тұлғаларға берілетін құжаттар үшін;
2) ақшыл-көк түс - барлық қалған құжаттардың түрлері үшін қосымша парақтар мен қосымшалар.
7. Қосымша парақтың бетжағында:
1) жоғары жағында - «Қазақстан Республикасы» деген сөздер;
2) ортасында - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының бейнесі;
3) Мемлекеттік елтаңба бейнесінің астында - құжат түрінің мемлекеттік тілдегі атауы орналасады.
8. Құжаттың қосымша парағының ішкі екі жағында ортада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының бейнесі басылады.
ҚР Үкіметінің 2013.12.02. № 123 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Құжаттың қосымша парағының сол жақ ішкі бетінде мемлекеттік тілдегі мазмұны, ал оң жағында - орыс тіліндегі бірдей мазмұны көрсетіледі.
Жоғары білім туралы, магистр, доктор (PhD, бейіні бойынша) дипломдарының, доцент және профессор аттестаттарының қосымша парақтарының сол жақ ішкі бетінде мемлекеттік тілдегі мазмұны, ал оң жағында орыс және ағылшын тілдерінде бірдей мазмұны көрсетіледі.
10. Үздік белгісі бар құжаттың қосымша парағының ішкі екі бетінде баспаханалық тәсілмен қызыл түспен «Үздік» және «С отличием» деген сөздер жазылады, жоғары білім туралы дипломдар үшін «Үздік» деген сөз қосымша парақтардың бет жағына жазылады.
11. «Алтын белгі» белгісімен марапатталған адамдарға берілетін құжаттың қосымша парағының ішкі екі бетінде баспаханалық тәсілмен, қола түспен «Алтын белгі» деген сөздер жазылады.
12. Құжаттардың барлық түрлерінің қосымша парақтарының сериясы мен жеті саннан тұратын нөмірі болады.
13. Құжаттардың қосымша парақтарының бланкілері оларға жазылатын жазулар каллиграфиялық жазумен немесе басу құрылғыларының көмегімен жазылатындай етіп жасалуы тиіс.
кестенің жалғасы
кестенің жалғасы
кестенің жалғасы
кестенің жалғасы
кестенің жалғасы
кестенің жалғасы
кестенің жалғасы
кестенің жалғасы
кестенің жалғасы
кестенің жалғасы
Приложение к диплому
о техническом и профессиональном образовании
(без диплома ТКБ №______недействительно)
___________________________________________________________________________________________________________________
(фамилия, имя, отчество)
за время обучения с____________________________________года по____________________год в________________________________
________________________________________________________________________________________________________по профессии,
(полное наименование организации образования)
специальности ______________________________________________________________________________________________________
(наименование профессии, специальности)
показал__________________ соответствующие знания по следующим дисциплинам:
Заместитель директора
по учебной работе ______________ _______________
Руководитель группы ______________ _______________
М.П.
Техникалық және кәсіптік білім туралы
дипломға қосымша
(ТКБ №______дипломсыз жарамсыз)
_______________________________________________________________________________________________________________________
(тeгі, аты, акесінің аты)
_______________________жылдан бастап___________________________________________жылға дейін
(білім беру ұйымынын толық атауы)
________________________________________________________________________________кәсібі, мамандығы бойынша оқу барысында
(кәсіптін, мамандықтың толық атауы)
мынадай пәндерден тиісті білімін көрсетті:
Директордың оқу жұмысы
жөніндегі орынбасары______________ _______________
Топ жетекшісі______________ _______________
М.О.
кестенің жалғасы