«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы № 191-ІV Заңы (2025.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)

2-1. Қаржы мониторингі субъектілері қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтерді, ақпаратты, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамада белгіленген талаптардың орындалуын растайтын құжаттарды жеке кабинет арқылы ұсынады.

Қаржы мониторингі субъектісінің жеке кабинетінде:

1) көрсетілетін қызметтердің (өнімдердің) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін бағалау нәтижелері;

2) ішкі бақылау қағидалары;

3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы білуін тестілеуден өткені туралы сертификат болады.

Жеке кабинетті жүргізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

Қаржы мониторингі субъектілері қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы ақпарат пен мәліметтердің бар-жоғына қарамастан, уәкілетті органның бөлінген байланыс арналарындағы жеке кабинетте тіркелуге міндетті.

2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Қаржы мониторингіне жататын операция туралы мәліметтер мен ақпаратты:

1) адвокаттар, заң консультанттары және заң мәселелері бойынша басқа да тәуелсіз мамандар, егер бұл мәліметтер мен ақпарат анықтау, алдын ала тергеу органдарында, соттарда жеке және (немесе) заңды тұлғалардың атынан өкілдік ету және оларды қорғау мәселелері бойынша заң көмегін көрсетуге байланысты, сондай-ақ шешілуі кәсіптік заң білімін, талап арыздар, шағымдар және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттар жазуды талап ететін мәселелер бойынша олардың консультациялар, түсіндірулер, кеңестер және жазбаша қорытындылар түріндегі заң көмегін көрсетуі кезінде алынған болса;

2) нотариустар ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен байланысты емес нотариаттық әрекеттерді жүзеге асырған кезде, сондай-ақ шешілуі кәсіптік заң білімін талап ететін мәселелер бойынша олардың консультациялар, түсіндірулер түрінде заң көмегін көрсетуі кезінде бермейді.

2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды; 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-1-тармақ өзгертілді

3-1. Осы Заңға сәйкес алынған ақпаратқа талдау жүргізу кезінде уәкілетті орган қажет болған жағдайда қаржы мониторингі субъектісіне оның қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруі жөнінде сұрау салу жібереді.

Осы Заңның 18-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында және 19-1-бабының 2-тармағында көрсетілген мақсаттарда уәкілетті орган қаржы мониторингі субъектісіне қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруге сұрау салу жібереді.

Қаржы мониторингі субъектісі уәкілетті органға оның сұрау салуы бойынша қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды тиісті сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беруге міндетті.

Қаржы мониторингі субъектісі уәкілетті органның күдікті операцияны талдауға байланысты сұрау салуы бойынша қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей беруге міндетті.

Сұрау салуды өңдеу үшін қосымша уақыт талап етілетін жағдайларда уәкілетті орган қаржы мониторингі субъектісінің жазбаша өтініші бойынша осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мерзімді он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы.

Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарт негізінде берілетін ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды қоспағанда, осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған операциялар бойынша ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сұратуға құқылы емес.

2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)

3-2. Уәкілетті органнан Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін ақша аударымдары жүйесі арқылы жүргізілген халықаралық ақша аударымдары бойынша қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруге сұрау салуды алған кезде «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақша аударымдары жүйесінің операторымен жасалған шарт негізінде банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар тиісті сұрау салуды алған кезден бастап ақша аударымдары жүйесінің операторынан мынадай мәліметтер мен ақпаратты:

2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) ақшаны жөнелтушінің және алушының (бенефициардың) тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не толық немесе қысқартылған атауларын (заңды тұлғалар, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымдар үшін);

2) ақшаны жөнелтушінің және алушының (бенефициардың) жеке сәйкестендіру нөмірін (бар болса), туған күнін, туған жерін және жеке басты куәландыратын құжатының нөмірін сұратады.

Ақша аударымдары жүйелерінің операторлары жасалған келісімге сәйкес банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға тиісті сұрау салу алынған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қажетті ақпарат пен мәліметтерді беруге міндетті.

4. Клиентке тиiсiнше тексеру жүргiзген кезде алынған қаржы мониторингiне жататын операция туралы мәлiметтердi уәкiлеттi органға берумен байланысты шығыстарды қаржы мониторингiнің субъектiлерi көтереді.

 

2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 10-1-баппен толықтырылды (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)

10-1-бап. Клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметі туралы мәліметтер мен ақпаратты жинау

Қаржы мониторингі субъектілері уәкілетті органға клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметі туралы мәліметтер мен ақпаратты береді, оларда қаржы мониторингі субъектісі, операциялар туралы деректер, сондай-ақ операцияларға қатысушылар, күдікті қызметті айқындау белгілері туралы ақпарат, қаржы мониторингіне жататын күдікті қызмет жөніндегі қосымша ақпарат қамтылады.

Қаржы мониторингі субъектілері клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметі туралы мәліметтер мен ақпаратты клиенттің қызметі күдікті деп танылған күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

Қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметі туралы мәліметтер мен ақпаратты беру тәртібін және клиенттің күдікті қызметін айқындау белгілерін уәкілетті орган қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен келісу бойынша айқындайды.

 

11-бап. Қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылауды жүргізуі

2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Қаржы мониторингінің субъектілері өздерінің көрсететін қызметтерін басқа тұлғалар қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру немесе оған жәрдемдесу мақсаттары үшін пайдаланбайтындай шаралар қабылдайды.

2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Қаржы мониторингінің субъектілері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруды (жылыстатуды), терроризмді қаржыландыруды және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруды болғызбау мақсатында ішкі бақылау ережелерін және оны жүзеге асыру бағдарламасын әзірлейді, сондай-ақ ережелерді сақтауға және бағдарламаны іске асыруға жауапты болады.

2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда; 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Заңды тұлға құратын қаржы мониторингі субъектілерінің басқару органы немесе атқарушы органы және заңды тұлға құрмайтын қаржы мониторингі субъектісі ішкі бақылау қағидаларын әзірлейді, қабылдайды және қаржы мониторингі субъектілері оларды қаржы мониторингі субъектілері көрсететін қызметтердің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін бағалау нәтижелерін, ұйымның мөлшерін, сипаты мен күрделілігін ескере отырып, орындайды және осы Заңда көзделген ішкі бақылауды жүргізу кезінде қаржы мониторингі субъектісінің қызметіне қойылатын талаптардан басқа, олар мыналарды:

қаржы мониторингі субъектісінің басшы қызметкерлерінің немесе қаржы мониторингі субъектісінің тиісті құрылымдық бөлімше басшысының деңгейінен төмен емес өзге де басшыларының арасынан, ішкі бақылау қағидаларының іске асырылуына және сақталуына жауапты адамды тағайындау туралы талапты, сондай-ақ қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылау қағидаларының іске асырылуына және сақталуына жауапты қызметкерлеріне қойылатын өзге де талаптарды, оның ішінде мінсіз іскерлік беделінің болуы туралы талапты қоса алғанда, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасын;

технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдерін және көрсетілетін қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелін (тәуекелдің төменгі, жоғары деңгейлерін) басқару бағдарламасын;

клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасын;

клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және оларды зерделеу бағдарламасын;

қаржы мониторингі субъектілерін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында даярлау және оқыту бағдарламасын;

ішкі бақылау қағидаларына сәйкес қаржы мониторингі субъектілері әзірлеуі мүмкін өзге де бағдарламаларды қамтуға тиіс.

Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) - 5), 11) және 12) тармақшаларында аталған және қаржы тобының қатысушылары болып табылатын қаржы мониторингі субъектілері осы қаржы тобы үшін оның қатысушыларының өзіндік ерекшелігі мен ерекшеліктерін ескере отырып, ішкі бақылау қағидаларын әзірлеуге, қабылдауға және орындауға құқылы.

2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды; 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-1-тармақ өзгертілді

3-1. Қаржы мониторингі субъектілері Қазақстан Республикасында және оның шегінен тысқары жерлерде де орналасқан өз филиалдарының, өкілдіктерінің, еншілес ұйымдарының, егер бұл олардың орналасқан жеріндегі мемлекеттің заңнамасына қайшы келмесе, ішкі бақылау қағидаларын сақтауын және іске асыруын қамтамасыз етеді.

Қаржы мониторингі субъектілері уәкілетті органға және бақылау мен қадағалау органына Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде орналасқан өз филиалдарының, өкілдіктерінің, еншілес ұйымдарының олардың орналасқан жеріндегі мемлекеттің заңнамасына қайшы келетіндіктен, ішкі бақылау қағидаларын сақтау және іске асыру мүмкіндігінің болмауы фактілері туралы хабарлауға, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін басқару және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін төмендету жөнінде қосымша бақылау шаралары мен рәсімдерді қолдануға міндетті.

Төлем агентімен немесе қосалқы төлем агентімен төлем қызметтерін көрсету жөнінде агенттік шарт жасасқан ұйымдар оны қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өздерінің бағдарламаларына енгізуге және оның осындай бағдарламаларды орындауына бақылауды жүзеге асыруға міндетті.

2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды; 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-2-тармақ жаңа редакцияда; 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-2-тармақ өзгертілді

3-2. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қаржы мониторингі субъектілерінің түрлері бойынша қойылатын талаптарды:

осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда), 2) (тауар биржаларын, тауар биржасында өз қызметін жүзеге асыратын және биржалық тауарлармен мәмілелер жасайтын биржалық брокерлерді және тауар биржаларының клирингтік орталықтарын қоспағанда), 3), 4), 5) және 11) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілері үшін уәкілетті органмен келісу бойынша қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган;

осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалар бөлігінде) және 12) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілері үшін уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;

осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 6), 9), 10) және 20) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілері, сондай-ақ өз қызметін тауар биржасында жүзеге асыратын және биржалық тауарлармен мәмілелер жасайтын тауар биржалары, биржалық брокерлер және тауар биржаларының клирингтік орталықтары үшін уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті мемлекеттік орган;

осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7), 8), 13), 15), 16), 18), 21) және 22)тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілері үшін уәкілетті орган;

осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 19) тармақшасында көзделген қаржы мониторингі субъектілері үшін уәкілетті органмен келісу бойынша АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті белгілейді.

2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда; 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Клиенттің дерекнамасын, шот туралы мәліметтерді (банктер және шоттар ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйымдар үшін) және онымен хат-хабар алмасуды қоса алғанда, клиентті тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған құжаттар мен мәліметтер клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатқан күннен бастап кемінде бес жыл қаржы мониторингі субъектілерінің сақтауына жатады.

Ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын, оның ішінде қаржы мониторингіне жататын операциялар және күдікті операциялар туралы құжаттар мен мәліметтер, сондай-ақ барлық күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды зерделеу нәтижелері операция жасалғаннан кейін кемінде бес жыл қаржы мониторингі субъектілерінің сақтауына жатады.

Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген құжаттар мен мәліметтер валюта сомасы мен түрлерін қоса алғанда, клиенттің операцияларын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін ақпаратты қамтуға тиіс.

2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда

5. Клиенттерге ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтатып қою жөніндегі қолданылған шаралар туралы, іскерлік қатынастарды орнатудан бас тарту туралы, сондай-ақ ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды жүргізуден бас тарту туралы хабарлауды қоспағанда, клиенттерге және өзге де тұлғаларға осындай клиенттер мен өзге де тұлғаларға қатысты қабылдайтын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы хабарлауға тыйым салынады.

2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)

5-1. Қаржы мониторингі субъектілері және олардың жұмыскерлері клиенттерге және өзге де тұлғаларға уәкілетті органнан ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен күдікті операциялар жасайтын ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін алғаны туралы хабарлауға құқылы емес.

2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Қаржы мониторингі субъектілерінің уәкілетті органға ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды осы Заңда көзделген мақсаттарда және тәртіппен беруі коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету, дербес деректерді, сондай-ақ заңмен қорғалатын өзге де ақпаратты жинау, өңдеу шарттарын бұзу болып табылмайды.

Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) - 5), 11) және 12) тармақшаларында аталған және қаржы тобының қатысушылары болып табылатын қаржы мониторингі субъектілері ішкі бақылаудың іске асырылуы шеңберінде алынған ақпарат пен құжаттар алмасуды және оларды ішкі бақылау қағидаларында белгіленген тәртіппен пайдалануды мынадай шарттар сақталған кезде:

1) алмасуы осы тармаққа сәйкес жүзеге асырылатын ақпарат пен құжаттарға қатысты қаржы мониторингі субъектілері қаржы тобы үшін ішкі бақылау қағидаларында белгіленген талаптарды орындаған;

2) алмасуға және пайдалануға осы тармаққа сәйкес жол берілетін ақпарат пен құжаттардың анықтығы мен дәлдігіне күмән болмаған кезде;

3) қаржы мониторингі субъектісі клиентінің осындай қаржы тобының басқа қатысушыларына клиент туралы ақпарат пен құжаттарды беруге және олардың пайдалануына жазбаша түрдегі келісімі болған кезде жүзеге асыруға құқылы.

2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті органға осы Заңға сәйкес берген жағдайда қаржы мониторингі субъектілері, олардың жұмыскерлері және лауазымды адамдары хабарлау нәтижелеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының заңдарында, сондай-ақ азаматтық-құқықтық шартта көзделген жауаптылықта болмайды.

2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды; 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Қаржы мониторингі субъектілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарды уәкілетті орган қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен келісу бойынша бекітеді.

 

2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 11-1-баппен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 11-1-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11-1-бап. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін бағалау

1. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін бағалау Қазақстан Республикасында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру қатерлері мен мүмкіндіктерін айқындау, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды іске асырудағы кемшіліктерді анықтау мақсатында жүргізіледі.

2. Тәуекелдерді бағалау тәуекелдерді ұлттық бағалаудан және тәуекелдерді секторлық бағалаудан тұрады.

Тәуекелдерді ұлттық бағалауды уәкілетті орган қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұлттық бағалау жүргізу қағидаларының негізінде жүргізеді.

Тәуекелдерді секторлық бағалауды қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары тәуекелдерге секторлық бағалау жүргізу әдіснамасы негізінде жүргізеді. Тәуекелдерге секторлық бағалау жүргізу әдіснамасын қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органдар әзірлейді.

3. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұлттық бағалау жүргізу қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін ұлттық бағалау үшін мемлекеттік органдардан және қаржы мониторингі субъектілерінен деректерді жинау жөніндегі әдіснаманы уәкілетті орган бекітеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі тәуекелдерге ұлттық бағалау жүргізудің қорытындылары бойынша қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды бекітеді.

4. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі шараларды әзірлеу, олардың тиімділігін арттыру, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды үйлестіру мақсатында уәкілетті орган Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың), терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңесті құрады.