Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге
арналған арнайы көлiк құралдарын пайдалануды реттеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 24 ақпандағы № 288 қаулысы
(2009.16.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 9 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2005.18.03. № 248 Қаулысымен тақырыбында және мәтін бойынша сөздер ауыстырылды (бұр. ред. қара)
Мемлекеттік қаражатты үнемдеу режимі және арнайы көлiк құралдарын пайдалануды реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2005.18.03. № 248 Қаулысымен 1-тармақ толықтырылды
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарының тиесілік табелі;
2) Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған көлiк құралдарының тиесілік табелі;
3) арнайы су көлігінiң тиесілілік табелi бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің
2000 жылғы 24 ақпандағы
№ 288 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 19.06.00 ж. № 916; 21.12.01 ж. № 1668; 20.09.02 ж. № 1036; 28.11.02 ж. № 1267; 2005.18.03. № 248 (бұр. ред. қара); 2005.07.06. № 568 ; 2005.02.12. № 1185; 2005.29.12. № 1306; 2006.25.01. № 49 (бұр.ред.қара); 2007.28.08. № 745 (бұр.ред.қара); 2008.31.03. № 308 (бұр.ред.қара); 2008.08.04. № 332 (бұр.ред.қара); 2008.11.07. № 684 (бұр. ред. қара); 2008.23.12. № 1227 (бұр.ред.қара); 2009.07.04 № 480 (бұр. ред. қара); 2009.16.06 № 913 Қаулысымен (бұр.ред.қара) қаулыларымен табель өзгертілді
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына
қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарының тиесілілік
ТАБЕЛІ