(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІНІҢ 21.10.04 Ж. № 305 БҰЙРЫҒЫ

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелеріндегі
сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004
жылғы 21 қазандағы № 305 бұйрығы

(2007.05.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2009 жылғы 17 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеп жатқан, сотталғандармен тәрбие жұмыстарын жетілдiру және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1376 қаулысымен бекітілген 2004-2006 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру Бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі түзеу мекемелеріндегі сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулық бекітілсiн.

2. "Қазақстан Республикасының түзеу мекемелеріндегі жазаларын өтеп жатқан, сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 147 бұйрығы күшiн жойды деп танылсын (мемлекеттік тiркеу № 1714).

3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркеуден өткен күнi күшiне енедi.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау басшылық ететiн Қазақстан Республикасының Әдiлет Вице-Министрiне жүктелсін.

"Қазақстан Республикасы

Әдiлет министрлігі түзеу

мекемелеріндегі сотталғандармен

тәрбие жұмысын ұйымдастыру

туралы нұсқаулықты бекіту

туралы" Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2004 жылғы 21 қазандағы

№ 305 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі түзеу

мекемелеріндегі сотталғандармен тәрбие жұмысын

ұйымдастыру туралы нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелеріндегі (бұдан әрi - ТМ) сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселелерiн реттейдi.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.