Қазақстан Республикасында рұқсат беру жүйесін жетілдірудің 2009-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 қарашадағы № 1100 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 10 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпы ұлттық іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 наурыздағы № 246 қаулысын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында рұқсат беру жүйесін жетілдірудің 2009 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) мақұлдансын.
2. Қоса беріліп отырған Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.