2009 жылға арналған Өскемен қаласының бюджеті туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының XI сессиясының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 11/4 шешімі
(2009.24.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 29 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 80, 85 баптарына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы» 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 10/129-IV шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 30 желтоқсандағы 2491 нөмірімен тіркелген) сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2009.18.02. № 13/4 шешімімен (бұр.ред.қара) ; Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2009.24.04. № 15/4 шешімімен 1 тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 23.07.2009. № 16/7 шешімімен 1 тармақ жаңа редакцияда
2009 жылға арналған қала бюджеті 1 қосымшаға сай келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 14 530 961 мың теңге, соның ішінде:
салық түсімдері - 6 262 175 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 52 970 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 054 952 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 7 160 864 мың теңге;
2) шығындар - 14 491 890 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру - 0;
4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо - 148 299,7 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 150 000 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 1 700,3 мың теңге;
5) бюджет (профициті) тапшылығы - -109 228,7 мың теңге;
6) бюджет (профицитін) тапшылығын қаржыландыру - 109 228,7 мың теңге.
2. Өскемен қаласының бюджетінде облыстық бюджеттен берілетін жиыны 294 213 мың теңгені құрайтын мақсатты жәрдем қарастырылғанын ескеру. Облыстық бюджеттегі Өскемен қаласының бюджетінен қайтарып алуларының көлемі - 0.