2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының Х сессиясының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 10/129-IV шешімі
(2009.16.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 21 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 80, 85-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2008-2010 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы», «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009.06.02 № 11/145-IV шешімімен (бұр.ред.қара); 2009.17.04. № 13/153-IV шешімімен (бұр.ред.қара); 2009.14.07. № 14/179-IV шешімімен (бұр.ред.қара); 2009.16.10. № 15/202-IV шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2009 жылға арналған облыстық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 107171244,9 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 15340554,1 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 1052032,1 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 90778658,7 мың теңге;
2) шығындар - 107372528,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 100771,0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 1173000,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу -1072229,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо- 220000,0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 220000,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - -522054,7 мың теңге;
6) тапшылықты қаржыландыру - 522054,7 мың теңге.
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009.16.10. № 15/202-IV шешімімен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)