Өлшеу құралдары болып табылатын медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 765 Бұйрығы
(2019.22.04. берілген өзгерістермен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-260/2020 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019.22.04. № ҚР ДСМ-44 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 82-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019.22.04. № ҚР ДСМ-44 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Өлшеу құралдары болып табылатын медициналық бұйымдардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметін бақылау комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
3. Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.