Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 13 мамырдағы № 703 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 2191 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 4 желтоқсандағы № 802 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Арнайы экономикалық аймақтар құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері бойынша өздері өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 мамырдағы № 703 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 24-25, 219-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сәйкес келетін қызмет түрлері бойынша өзі өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тізбесі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің
2009 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 2191 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 13 мамырдағы
№ 703 қаулысымен
бекітілген
«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері бойынша өздері
өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тізбесі