«Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар»
техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 277 Қаулысы
(2009.16.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы қаулыға өзгерістер енгізу туралы ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 2071 Қаулысын қара (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.