Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2243 Қаулысы
(2010.17.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 29 Қаулысымен күші жойылды
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспар (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру және осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.
3. Жоспарда көзделген техникалық регламенттерді әзірлеуші мемлекеттік органдар Жоспарда айқындалған айдың 25-күнінен кешіктірмей техникалық регламенттерді Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «2007 - 2009 жылдарға арналған техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 мамырдағы № 361 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 мамырдағы № 361 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 1194 қаулысы;
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 мамырдағы № 361 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 маусымдағы № 960 қаулысы.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2010.13.09. № 932 Қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.17.11. № 1202 Қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) жоспар өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 2243 қаулысымен
бекітілген
Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі
жоспар
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті