Механикалық көлік құралдары мен оларға тіркемелерді мерзімді мемлекеттік техникалық байқау туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 8 маусымдағы № 263 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 20 желтоқсандағы № 483 Бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрлігінің 2013 жылғы 2 сәуірдегі № 217 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 16 қарашадағы Заңына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Механикалық көлік құралдары мен оларға тіркемелерді мерзімді мемлекеттік техникалық байқау туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 8 маусымдағы № 263 бұйрығына (Құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4263 болып тіркелген, «Заң газетінде» 2006 жылғы 19 шілдеде № 132 (1112) жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін: