Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 18 сәуірдегі № 1040 «Ақтөбе қаласы бойынша қоғамдық жұмыстар түрлерін, көлемін бекіту және оларды ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу
Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 5 сәуірдегі № 800 қаулысы
Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 6 ақпандағы № 482 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 және 20 баптарына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 18 сәуірдегі № 1040 «Ақтөбе қаласы бойынша қоғамдық жұмыстар түрлерін, көлемін бекіту және оларды ұйымдастыру туралы» қаулысына нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылдың 4 мамырында № 3-1-91 санымен тіркелген, № 56-57 «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде 2008 жылдың 13 мамырында жарияланған) өзгерістер енгізілсін және қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
| Қала әкімі | А. Мұхамбетов |
2010 жылғы 5 сәуірдегі
№ 800 қаулысына
қосымша
Уақытша жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін, қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын мекемелер тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері және көлемі
| № | Мекемелер атауы | Жұмыс және қызмет түрлері | Орындалатын жұмыс және қызмет көлемі табиғи көрсеткіштері | Берілген сұраныс | Бекітілді | ||
| Жұмыс орын саны | адам/күні | Жұмыс орын саны | Адам/күні | ||||
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |