Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 мамырдағы № 409 Қаулысы
(2013.18.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1344 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 923 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық және жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік органдар (келісім бойынша):
1) Іс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) жарты жылдықтың қорытындылары бойынша жылына екі рет, 15 қаңтарға және 15 шілдеге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (келісім бойынша) жарты жылдықтың қорытындылары бойынша жылына екі рет 30 қаңтарға және 30 шілдеге Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.