Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі «Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік объектілерінің
тізбесін бекіту туралы» № 78/4 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Павлодар облыстық әкімдігінің 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 108/7 қаулысы
Павлодар облысы әкімдігінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 112/5 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы «Жекешелендіру туралы» Заңы 5-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі «Коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері» № 1431 қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі «Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы» № 78/4 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3111 болып тіркелді, 2008 жылғы 5 маусымда «Сарыарқа самалы» № 61 және 2008 жылғы 6 мамырда «Звезда Прииртышья» № 49 газеттерінде жарияланды) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы қосымшаға сәйкес 422 - 583-тармақтармен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.В. Склярға жүктелсін.
Облыс әкімі | Б. Сағынтаев |
2010 жылғы 23 сәуір
№ 108/7 қаулысына
Қосымша
1 | 2 | 3 |
422 | Мемлекеттік нөмірі 23-75 ПАМ, 1985 жылы шыққан ГАЗ-5205Р автомашинасы | Успен ауданы (Успен ауданы «Тимирязев ауылы әкімінің аппараты» ММ-нің балансында) |
423 | Мемлекеттік нөмірі 44-96 ПАА, 1990 жылы шыққан М-412 ИЭ автомашинасы | Успен ауданы («Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-нің балансында) |
424 | Мемлекеттік нөмірі S657 АКД, 1988 жылы шыққан МТЗ-80 Л доңғалақты тракторы | Павлодар ауданы («Павлодар ауданы Ольгинка ауылы әкімінің аппараты» ММ-нің балансында) |