Гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық
ұйымдардың және қорлардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 376 Қаулысы
(2009.30.12. берілген толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 3 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2277 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексін (Салық кодексі) іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2277 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Гранттарды тарту және пайдалану жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдар тізбеге енгізуге ұсынатын ұйымдар қызметінің «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 12-бабының 1-тармағы 11) тармақшасының талаптарына сәйкестігін айқындау жөніндегі іс-шараларды өткізгеннен кейін орынды болған жағдайда жыл сайын 20 ақпанға дейін тізбеге толықтырулар енгізу туралы тиісті шешімнің жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді деп белгіленсін.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.