Халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты жерлердің тізімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 292 бұйрығы
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 6 қыркүйектегі № 273-ө бұйрығымен күші жойылды
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 25) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты жерлердің қоса беріліп отырған тізімдері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Табиғи ресурстарды пайдалану стратегиясы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасы белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелеуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Вице-Министрі Марат Әбілахатұлы Оразаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық ол бірінші рет ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.