«Халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты жерлердің тізімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 6 қыркүйектегі № 273-ө бұйрығы (күші жойылды)

Халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты жерлердің тізімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 6 қыркүйектегі № 273-ө бұйрығы

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 18-03/369 бұйрығымен күші жойылды

 

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес қоса беріліп отырған Халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты жерлердің тізімдері бекітілсін.

2. «Халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты жерлердің тізімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 292 бұйрығы күшін жойды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6249 болып тіркелген, 2010 жылғы 25 қарашадағы № 15 «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдары актілерінің жинағында» жарияланған).

3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Ерлан Нұралыұлы Нысанбаевқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Н. Қаппаров

 

Қазақстан Республикасы

Қоршаған ортаны қорғау

министрінің

2013 жылғы 6 қыркүйектегі

№ 273-ө бұйрығына

1-қосымша

 

 

Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты жерлердің тізімі

 

Сулы-батпақты жерлердің атауы

Орналасуы

Көлемі, га

1.

Теңіз-Қорғалжын көлдері жүйесі

Ақмола облысы

353 341

2.

Алакөл-Сасықкөл көлдері жүйесі

Алматы облысы

914 663

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.