«Жануарларды интродукциялау, су айдындарына балық жіберу, балықтардың жаңа түрлерін жерсіндіру, су нысандарындағы балық шаруашылығы мелиорациясы жұмыстарын жүргізу ережесі» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 290 Бұйрығы (күші жойылды)

Жануарларды интродукциялау, су айдындарына балық жіберу, балықтардың жаңа түрлерін жерсіндіру, су нысандарындағы балық шаруашылығы мелиорациясы жұмыстарын жүргізу ережесі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 290 Бұйрығы

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 11-2/442 Бұйрығымен күші жойылды

 

 «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы 9-бабының 1-тармағы 35) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жануарларды интродукциялау, су айдындарына балық жіберу, балықтардың жаңа түрлерін жерсіндіру, су нысандарындағы балық шаруашылығы мелиорациясы жұмыстарын жүргізу ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2010 жылғы 26 сәуірдегі

№ 290 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Жануарларды интродукциялау, су айдындарына балық жіберу, балықтардың жаңа түрлерін

 жерсіндіру, су нысандарындағы балық шаруашылығы мелиорациясы жұмыстарын жүргізу

ережесі

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Жануарларды интродукциялау, су айдындарына балық жіберу, балықтардың жаңа түрлерін жерсіндіру, су нысандарындағы балық шаруашылығы мелиорациясы жұмыстарын жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 9-бабына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және жануарларды интродукциялау, су айдындарына балық жіберу, балықтардың жаңа түрлерін жерсіндіру, су нысандарындағы балық шаруашылығы мелиорациясы жұмыстарын жүргізудің тәртібін анықтайды.

2. Осы ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.