Су айдындарына балық жіберу, балықтардың жаңа түрлерін жерсіндіру, су нысандарындағы балық шаруашылығы мелиорациясы жұмыстарын жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 11-2/442 Бұйрығы
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 31 шілдедегі № 231-ө бұйрығымен күші жойылды
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы 9-бабының 1-тармағы 51-11) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған су айдындарына балық жіберу, балықтардың жаңа түрлерін жерсіндіру, су нысандарындағы балық шаруашылығы мелиорациясы жұмыстарын жүргізу ережесі бекітілсін.
2. «Жануарларды интродукциялау, су айдындарына балық жіберу, балықтардың жаңа түрлерін жерсіндіру, су нысандарындағы балық шаруашылығы мелиорациясы жұмыстарын жүргізу ережесі» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 290 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 24 мамырда № 6244 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2010 жыл, № 15) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.