2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Жылына екі жүз мың жолаушыдан кем жолаушылар легімен операциялық шығындарды жабу үшін кірістердің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейтін коммуналдық меншіктегі азаматтық авиация әуежайлары облыстардың жергілікті атқарушы органдарының шешімдері негізінде бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жатады.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Астананың, республикалық маңызы бар қаланың азаматтық авиация әуежайын пайдаланушының аса маңызды ұшуға жетекшілік ететін лауазымды адамы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен келісу бойынша тағайындалады. Әуежайды пайдаланушының бірінші басшысына тікелей бағынатын Қазақстан Республикасының азаматы ғана астананың, республикалық маңызы бар қаланың азаматтық авиация әуежайын пайдаланушының аса маңызды ұшуға жетекшілік ететін лауазымды адамы бола алады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 65-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
65-бап. Әуежай қызметі
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Әуежай қызметінің құрамына әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету тауарлары, жұмыстары, қызметтері кіреді, олардың тізбесін азаматтық (мемлекеттік) авиация саласындағы уәкілетті орган монополияға қарсы органмен келісу бойынша бекітеді.
Әуежай қызметіне жатпайтын басқа қызмет түрлерін әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы не әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушымен әуежай (әуеайлақ) аумағында әуежай қызметіне жатпайтын қызметтерді көрсетуге қол жеткізу қағидаларына сәйкес жасалатын шарт бойынша өзге де жеке және заңды тұлғалар әуежай (әуеайлақ) аумағында жүзеге асыра алады.
Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасымен әуежайдың (әуеайлақтың) реттелетін қызметтеріне жатқызылған және әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы жүзеге асыратын әуежай қызметінің түрі әуеайлаққа қызмет көрсету деп танылады.
Әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы және (немесе) жерде қызмет көрсету қызметтерін беруші, сондай-ақ өз әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүк пен поштаға өзі дербес қызмет көрсететін авиакомпания жерде қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Әуежайда қызмет көрсетілген жолаушылар саны жылына екі миллион адамнан аз болған кезде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган монополияға қарсы органмен келісу бойынша бекіткен әуежайларда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларына сәйкес әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы әуежай (әуеайлақ) аумағына жерде қызмет көрсету қызметтерін берушінің кіруіне рұқсат бере алады.
2-тармақтың екінші бөлігі 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Әуежайда қызмет көрсетілген жолаушылар саны жылына екі миллион адамнан көп болған кезде әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы жерде қызмет көрсетуге кіретін қызметтерді ұсыну үшін әуежай (әуеайлақ) аумағында оларды көрсететін жерде қызмет көрсету қызметтерін берушінің кіруіне рұқсат беруге міндетті.
Әуежай (әуеайлақ) аумағында жерде қызмет көрсету қызметтерін ұсыну тәртібі мен шарттары, жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілерге қойылатын талаптар және жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсетуге арналған үлгілік шарттың нысаны әуежайларда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара, 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы жерде қызмет көрсету қызметтерін берушімен немесе өз әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүк пен поштаға өз бетінше қызмет көрсететін авиакомпаниямен жасасатын шартта жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсетуге арналған үлгілік шартқа сәйкес әуежайдың (әуеайлақтың) инфрақұрылым объектілерін, жабдықтары мен техникалық құралдарын пайдаланғаны үшін инфрақұрылымдық алым көзделуге тиіс.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы жерде қызмет көрсету қызметтерін берушіге немесе өз әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүк пен поштаға өз бетінше қызмет көрсететін авиакомпанияға әуежайдың (әуеайлақтың) аумағында жерде қызмет көрсету қызметтерін ұсынуынан негізсіз бас тартуға құқылы емес.
Әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушының әуежайдың (әуеайлақтың) аумағында жерде қызмет көрсету қызметтерін берушіге немесе өз әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүк пен поштаға өз бетінше қызмет көрсететін авиакомпанияға бас тарту туралы шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы мен жерде қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді беруші Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына немесе азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық қағидаларына сәйкес әуежай қызметіне кіретін қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі бағдарламаны әзірлейді және бекітеді.
Әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы ұсынылатын қызметтердің Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына немесе азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық қағидаларына сәйкестігін айқындау үшін өздері ұсынатын қызметтердің және (немесе) жерде қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді беруші көрсететін қызметтердің сапасына тұрақты негізде аудит жүргізеді. Мұндай аудитті жүргізу азаматтық авиация ұйымдары арасында шарттық негізде жүзеге асырылады.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 65-1-баппен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
65-1-бап. Аэровокзал
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Рейстерге қызмет көрсетуге арналған аэровокзалда авиакассалар, тіркеу үлдіріктері, тіркеу, күту, ұшу және ұшып келу залдары, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін арнайы жабдықталған үй-жайлар, ана мен бала бөлмесі, ақпараттық қызмет көрсету объектілері, медициналық пункт, қоғамдық тәртіпті сақтау пункті, багажды іздестіру пункті, сақтау камералары болуға тиіс. Аэровокзалдардағы медициналық пункттерге қойылатын талаптар азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларында белгіленеді.
Авиациялық хабтардың аэровокзалдарының транзиттік жолаушылар мен олардың багажына қызмет көрсету үшін қажетті алаңы, инфрақұрылымы және жабдықтары болуға тиіс.
2. Халықаралық рейстерге қызмет көрсетуге арналған аэровокзалда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу қағидаларының талаптарына сәйкес қосымша объектілер мен үй-жайлар болуға тиіс.
2021.29.12. № 94-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Аэровокзалдарда халық авиарейстердің ұшу және ұшып келу уақыты, авиабилет құны және олардың бар-жоқ екендігі, шұғыл медициналық көмек, шағымдар мен ұсыныстар кітапшасының тұрған орны, авиакассалардың жұмыс режимі, үй-жайлардың орналасуы, сондай-ақ халыққа көрсетілетін қызметтер тізбесі туралы қазақ және орыс тілдеріндегі, қажет болған кезде басқа тілдердегі де анық ақпаратпен қамтамасыз етіледі.
Ақпарат мәтіні «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Ақпаратты ұсыну тілдерді, мәтіндерді, Брайль қарпін, тактильдік қатынасты, ірі қаріпті, қолжетімді мультимедиялық құралдарды пайдалана отырып, мүгедектігі бар адамдар үшін де қамтамасыз етіледі.
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Өтетін және шығатын жолдар мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімді болуға (пандустармен, арнайы бейімделген лифтілермен жабдықталуға) тиіс.
5. Халыққа қызмет көрсетуге арналған аэровокзалдар ақаусыз техникалық жай-күйде ұсталуға тиіс.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Аэровокзалдарда қызметін жүзеге асыратын адамдар Қазақстан Республикасының əуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қағидаларын, жолаушыларды, багажды жəне жүктерді тасымалдау қағидаларын сақтауға жəне əуе кемесінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін əрекеттерге жол бермеуге тиіс.
7. Аэровокзалдар тасымалдау процесінің ажырамас бөлігі болып табылады және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес пайдаланылуға тиіс.
8. Аэровокзалдың класына қарай аэровокзалдардың қызмет көрсету сапасы мен жарақтандырылуына қосымша талаптар қойылады.
Аэровокзал класы мен аэровокзал класын айқындау әдістемесін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 65-2-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 65-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
65-2-бап. Азаматтық авиация саласындағы көрсетілетін қызметтердің мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділігі
Мүгедектігі бар адамдардың азаматтық авиация саласындағы көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуі үшін әуежайларда:
1) мүгедектігі бар адамдардың автокөлік құралдарын қоюға арналған, арнаулы жол белгілері орнатылған орындардың бөлінуі;
2) ғимараттардың, ғимараттарға кірме жолдың (ғимаратқа кіреберістің, баспалдақтардың), ғимарат ішіндегі қозғалыс жолдарының, мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда, халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін ыңғайластырылуы;
3) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдарға және халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарына қызмет көрсету үшін кезекші кресло-арбаның болуы;
4) қоғамдық дәретханалардың кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдарға арналған кабиналармен жабдықталуы қамтамасыз етілуге тиіс.
66-бап. Әуеайлақтарды, тікұшақ айлақтарын сертификаттау және пайдалануға рұқсат ету
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Сертификатталмайтын әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) және қону алаңдарын қоспағанда, азаматтық авиация пайдаланатын әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары), сондай-ақ бірлесіп пайдаланылатын және орналастырылатын әуеайлақтар азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығының нормаларына сәйкес келуге тиіс.
Азаматтық авиация пайдаланатын сертификатталмайтын әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары), уақытша әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары) және қону алаңдары азаматтық авиация сала сындағы уәкілетті орган бекіткен сертификатталмайтын әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының), уақытша әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) және қону алаңдарының пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкес келуге тиіс.
Мемлекеттік авиация ғана пайдаланатын әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары) мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығының нормаларына сәйкес келуге тиіс.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Азаматтық авиация пайдаланатын әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары), сондай-ақ бірлесіп пайдаланылатын және орналастырылатын әуеайлақтар сертификаттауға жатады, оларда:
1) халықаралық ұшу;
2) әуе кемелерінің кез келген типінде тұрақты жолаушылар рейстері;
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілгендерден басқа, жолаушылар орындарының саны жиырмадан асатын немесе ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз килограммнан асатын, коммерциялық әуе тасымалына жататын, жолаушылар әуе кемелерінің ұшуы;
4) 2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) 2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) жолаушыларды ашық теңіздегі жылжымайтын немесе қалқымалы объектілерге (теңіз кемелеріне, қондырғыларға) тасымалдауға арналған әуе кемелерінің ұшуы орындалады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде санамаланған ұшу орындалмайтын әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары) сертификаттауды талап етпейді. Алайда мұндай әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушының өтінімі бойынша сертификаттауға жол беріледі.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Cертификатталатын әуеайлақ (тікұшақ айлағы) әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушы оның жарамдылығы туралы сертификатты алғаннан кейін пайдалануға жіберіледі.
Сертификатталмайтын әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары), уақытша әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары) мен қону алаңдары азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымды олардың ашылғаны туралы хабардар еткеннен және азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларына немесе сертификатталмайтын әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының), уақытша әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) және қону алаңдарының пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін растайтын пайдалануға жарамдылық актісін ұсынғаннан кейін пайдалануға жіберіледі.
4. Мемлекеттік авиация әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) пайдалануға рұқсат ету тәртібін мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Мемлекеттік авиация мүддесінде пайдаланылатын сертификатталмайтын әуеайлақты (тікұшақ айлағын), уақытша əуеайлақтар (тікұшақ айлақтары) мен қону алаңдарын əуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), автомобиль жолдарының əуеайлақтық учаскелерін пайдаланудың жарамдылық нормаларына жəне мемлекеттік авиацияның əуеайлақтарына (тікұшақ айлақтарына) қойылатын тактикалық-техникалық талаптарға сəйкес пайдалануға рұқсат етіледі.
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Азаматтық авиация саласында пайдаланылатын әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) сертификаттау тәртібі Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларында, сондай-ақ әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушыға қойылатын сертификаттау талаптарында айқындалады.
7. Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беруден бас тарту мынадай жағдайларда, егер:
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкес келмесе;
2) әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушы осы Заңның 64-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, жүргізіледі.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым мынадай жағдайларда:
1) әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушы сертификаттау талаптарын сақтамаса;
2) әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушының өтініші бойынша әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатының қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Егер әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушы тоқтата тұру негіздері бойынша анықталған сәйкессіздіктерді белгіленген мерзімде жоймаған болса, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын қайтарып алады.
10. 2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 11-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11. Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатының бүкіл қолданылу кезеңі немесе сертификатталмайтын әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары) үшін бүкіл пайдалану кезеңі ішінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сертификаттау талаптарына сәйкестігі үшін жауаптылық әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушыға жүктеледі.
Бүкіл пайдалану кезеңі ішінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, уақытша әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) және қону алаңының пайдалануға жарамдылығының сәйкестігі үшін жауаптылық пайдаланушыға немесе меншік иесіне жүктеледі.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 67-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
67-бап. Әуеайлақтарды (тiкұшақ айлақтарын) есепке алу
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Сертификатталмайтын әуеайлақтардан (тікұшақ айлақтарынан), уақытша әуеайлақтардан (тікұшақ айлақтарынан) және қону алаңдарынан басқа, азаматтық авиация мақсатында пайдаланылатын әуеайлақтар (тiкұшақ айлақтары) азаматтық авиация әуеайлақтарының (тiкұшақ айлақтарының) тiзiлiмiнде есепке алынуға жатады.
Азаматтық авиация ұйымдары әуеайлақтарды (тiкұшақ айлақтарын) ашқан кезде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға:
1) әуеайлақ (тiкұшақ айлағы) орналасқан жер учаскесiне немесе басқа объектiге құқық туралы (жердi тұрақты немесе уақытша өтеулі пайдалану) құқық белгiлейтiн құжаттың көшiрмесiн;
2) әуеайлаққа (тiкұшақ айлағына) меншiк құқығын немесе иелену құқығын растайтын құжаттардың (сатып алу-сату шарты, қабылдау-беру актiсi, теңгерiмге беру туралы бұйрық, меншiк, мүлiктiк жалдау, сенiмгерлiк басқару құқығы және т. б.) көшiрмелерiн;
3) әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) техникалық сипаттамалары, географиялық координаттары мен орналасқан орны (елдi мекен) туралы ақпаратты қоса бере отырып, өтiнiш жолдайды.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымда әуеайлақтардың (тiкұшақ айлақтарының) жабылуы азаматтық авиация ұйымының өтiнiшi бойынша жүзеге асырылады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Азаматтық авиация әуеайлақтарын (тiкұшақ айлақтарын), бiрлесiп пайдаланылатын және бiрлесiп орналастырылатын әуеайлақтарды есепке алуды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жүзеге асырады.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Пайдаланушылар сертификатталмайтын әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) және қону алаңдарын азаматтық және мемлекеттiк авиация салаларындағы уәкiлеттi органдар айқындаған тәртiппен есепке алуға тиiс.
68-бап. Әуе кемелеріне әуеайлақтық қызмет көрсету
1. Әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) пайдаланушылар, аэронавигациялық, метеорологиялық ұйымдар ортақ пайдалану үшін ашылған әуеайлақтарда (тікұшақ айлақтарындарда) әуе кемелерінің ұшуына әуеайлақтық, аэронавигациялық және метеорологиялық қызмет көрсетуді бірдей жағдайларда және шарттар (жария шарттар) негізінде жүзеге асырады.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары), әуежайлар ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн техникалық немесе метеорологиялық жағдайлар бойынша, сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған және төтенше жағдай енгізілген кезде ғана олардың жұмысының жарияланған сағаттарында әуе кемелерiн қабылдау және ұшуға шығару үшiн жабық болуы мүмкiн.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Әуе кемелерінің ұшуы мен қонуын, оларды күтіп алу мен ұшуға шығаруды және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсету:
1) апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған, сондай-ақ борттағы авариялық жағдайға, материалдық бөлігі істен шығуына немесе бұзылуына байланысты ұшу маршруттары өзгерген;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) iздестiру-құтқару жұмыстарын жүргізу немесе дүлей зілзалалар кезінде халыққа көмек көрсету, сондай-ақ сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган растаған Қазақстан Республикасының халқына медициналық және (немесе) гуманитарлық көмек көрсету үшін;
3) авиация қызметіне заңсыз араласу актісіне байланысты төтенше жағдайдың салдарынан әуе кемелерінің ұшуын орындаған жағдайда өтеусіз жүзеге асырылады.
69-бап. Бірлесіп орналастыру және пайдалану әуеайлақтары
1. Азаматтық, мемлекеттік және (немесе) эксперименттік авиация ұйымдары бірлесіп орналастыратын әуеайлақ бірлесіп орналастырылатын әуеайлақ болып табылады.
2. Азаматтық, мемлекеттік және (немесе) эксперименттік авиация бірлесіп пайдаланатын әуеайлақ бірлесіп пайдалану әуеайлағы болып табылады.
3. Бірлесіп орналастыру әуеайлақтарын және бірлесіп пайдалану әуеайлақтарын пайдалану азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп бекіткен Қазақстан Республикасының азаматтық және мемлекеттік авиациясының бірлесіп орналастыру әуеайлақтарын пайдалану қағидаларына сәйкес шарттар негізінде жүзеге асырылады.
4. Бірлесіп орналастыру әуеайлақтары және бірлесіп пайдалану әуеайлақтары тиесілігіне қарай азаматтық немесе мемлекеттік авиацияға жатады. Мұндай әуеайлақтардың тізбесі Қазақстан Республикасының азаматтық және мемлекеттік авиациясы салаларындағы уәкілетті органдар басшыларының бірлескен бұйрығымен бекітіледі.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 70-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
70-бап. Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайлар
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) халықаралық ұшуларды орындайтын барлық азаматтық әуе кемелері халықаралық ұшуға арналған ашық халықаралық әуежайда ұшуды және қонуды жүзеге асыруға тиіс.
Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу тәртібін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
2. 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Шет мемлекеттердің мемлекеттік және эксперименттік әуе кемелерінің халықаралық ұшуы, сондай-ақ шет мемлекеттердің әскери құралымдарын, қару-жарақтарын және әскери техникасын тасымалдауға арналған әуе кемелерінің халықаралық ұшуы үшін ашылған әуежайларды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган айқындайды.