Ақмола облысында тұратын азаматтарға емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүруді ұсыну туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2010 жылғы 18 шілдедегі № 4С-25-6 қаулысы
(2021.26.04. берілген өзгерістермен)
Ақмола облыстық мәслихатының 2024 жылғы 27 маусымдағы № 8С-11-8 шешімімен күші жойылды
Ақмола облыстық мәслихатының 2021.26.04. № 7С-3-5 шешімімен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 12 бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысында тұратын азаматтарға емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүру ұсынылсын.
2. Еріп баратын тұлғаны алуға құқығы бар: