Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 26 қазандағы
№ 1670 қаулысымен
бекітілген
«Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат бойынша басқаратын
адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - стандарт) Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ішкі істер органдары жол полициясының тіркеу-емтихан қабылдау бөлімшелері (бұдан әрі - ТЕБ) көрсетеді.
5. Мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны көлік құралын сенімхат бойынша басқаратын адамды тіркеу болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:
өтініш иесі тиісті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1 сағаттан аспайды;
қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің ең жоғарғы шекті уақыты: 20 минуттан аспайды;
құжаттарды алу кезінде кезек күтудің ең жоғарғы шекті уақыты: 20 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері электрондық үкіметтің порталында, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - ИМ) мен облыстардың, Астана және Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі - ІІД) веб-сайттарында, ресми ақпарат көздерінде және ТЕБ-дегі үлгілер ілінген стендтерде, ақпараттық тақталарда орналастырылады.
10. Мемлекеттік қызмет аптасына алты күн (дүйсенбі - жұма күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін, сенбі күні 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 13.30-ға дейін) көрсетіледі. Қабылдау кезек тәртібімен алдын ала жазылусыз және тездетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
11. ТЕБ-нің үй-жайлары, әдетте ғимараттың бірінші қабатында орналасады, ішкі істер органдарының басқа бөлімшелерінен бөлек кіретін есігі, қабылдауды күтуге арналған орындары, орындықтары, үстелдері (тіректері) бар, сондай-ақ қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері ілінген стендтермен жабдықталған залы болады. Дене мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қызмет тікелей өтініш иесі тұратын жерде көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш иесі ТЕБ қызметкеріне мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
көлік құралын тіркеу туралы куәлік;
көлік құралын пайдалану құқығына сенімхат;
өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжат.
13. Өтініштер, бланкілер толтыру көзделмеген.
14. Мемлекеттік қызмет алу үшін құжаттар ТЕБ-ге тапсырылады. ТЕБ-нің қызметкері он минут ішінде ұсынылған құжаттардың Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3840 болып тіркелген «Сенімхат негізінде көлік құралдарын пайдаланатын адамдарды тіркеу және есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 23 тамыздағы № 504 бұйрығының (бұдан әрі - бұйрық) талаптарына сәйкестігін тексеруді жүргізеді.
15. 12-тармақта санамаланған құжаттарды тапсырғаннан кейін өтініш иесіне осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы талон беріледі.
Осыдан кейін ТЕБ қызметкері құжаттарды ТЕБ операторына жолдайды. ТЕБ операторы құжаттарды алғанан кейін:
көлік құралының өтініш иесінің (өтініш иесі өкілінің) және көлік құралының іздестіруде бар-жоғын автоматтандырылған ақпараттық іздестіру жүйесі (бұдан - әрі ААІЖ) бойынша тексереді;
көлік құралының өтініш иесі (өтініш иесінің өкілі) және көлік құралдары электрондық есептерінің ААІЖ жүйесінде жұмыс істеуі үшін қажетті тіркеу деректерін теруді жүзеге асырады.
Көрсетілген әрекеттердің нәтижелері бойынша ТЕБ операторы сенімхатты ТЕБ қызметкеріне береді, ол сенімхатқа мөртабан соғады және оны осы стандарттың 7-тармағында белгіленген мерзімде көлік құралының өтініш иесіне (өтініш иесінің өкіліне) береді.
16. Сенімхат пен құжаттар өтініш иесіне (өтініш иесінің өкіліне) жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткеннен кейін сенім білдірілген адамдарды тіркеу тізіліміне қол қойғызылып беріледі.
17. Мемлекеттік қызмет көрсетуден:
көлік құралының иесі сенімхаттың күшін жойған;
өтініш иесі (өтініш иесінің өкілі) не көлік құралы іздестіруде болған;
сенімхаттың қолданылу мерзімі аяқталған;
көлік құралы қамауда болған жағдайда бас тартылады. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы өтініш иесіне бас тарту себебі көрсетіліп, ауызша хабарланады.
3. Жұмыс қағидаттары
18. ТЕБ-нің қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышты орындау кезіндегі заңдылықты, Ішкі істер органдары қызметкерлерінің ар-намыс кодексін сақтауға негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.
4. Жұмыс нәтижелері
19. ТЕБ жұмысының нәтижелері осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Осы стандарттың 4-қосымшасында көрсетілген, олар бойынша ТЕБ жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қол жетімділігі көрсеткіштерінің мақсатты мәнін арнайы құрылған жұмыс топтары жыл сайын бекітеді.
5. Шағымдану тәртібі
21. ТЕБ қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген жоғары тұрған қалалық, аудандық ішкі істер басқармалары (бөлімдері), ІІД, Жол полициясы комитеті, ІІМ басшылығына қолданыстағы заңнамаға сәйкес шағымдануға болады.
22. Шағымдар осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген ішкі істер органдарының кеңселері арқылы жазбаша түрде почта, электрондық почта арқылы не қолма-қол жұмыс күндері қабылданады.
23. Түскен шағым ішкі істер органдарының кеңсесінде тіркеледі және заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады.
Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш иесіне жазбаша түрде почта арқылы не электрондық почта арқылы хабарланады.
6. Байланыс ақпараты
24. Көрсетілетін мемлекеттік қызметке жауапты ТЕБ басшыларының байланыс деректері осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген ІІД-нің кезекші бөлімдерінде болады.
25. ІІМ Жол полициясы комитетінің мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 4, веб-сайт: www.zholpolice.kz, кезекші бөлімнің телефоны (7172) 71-58-68, сенім телефоны (7172) 71-58-25.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 26 қазандағы
№ 1670 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 26 қазандағы
№ 1670 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 26 қазандағы
№ 1670 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына
3-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдау туралы
№__ ТАЛОН
_________________________________________________________
(Өтініш иесінің ТАӘ, немесе заңды тұлғаның атауы)
Қабылданған құжаттардың тізбесі:
1. _________________________________________________________________
2. _________________________________________________________________
3. _________________________________________________________________
4. _________________________________________________________________
5. _________________________________________________________________
6. _________________________________________________________________
7. _________________________________________________________________
8. _________________________________________________________________
9. _________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Қабылдаған:
_______________________________________/_________/____________
(ТЕБ қызметкерінің лауазымы, атағы) (қолы) (Т.А.Ә.)
____ жылғы «___» __________
Берілген күні мен уақыты: _____ жылғы «__» ______ ___ сағ _____ мин
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 26 қазандағы
№ 1670 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына
4-қосымша