Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі «Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік
объектілерінің тізбесін бекіту туралы» № 78/4 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Павлодар облыстық әкімдігінің 2010 жылғы 25 қазандағы № 241/16 қаулысы
Павлодар облысы әкімдігінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 112/5 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы «Жекешелендіру туралы» Заңы 5-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі «Коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері» № 1431 қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі «Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы» № 78/4 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3111 болып тіркелді, 2008 жылғы 5 маусымда «Сарыарқа самалы» № 61 және 2008 жылғы 6 мамырда «Звезда Прииртышья» № 49 газеттерінде жарияланды) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы 584 - 599-тармақтармен қосымшаға сәйкес толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.В. Склярға жүктелсін.
Облыс әкімі | Б. Сағынтаев |
2010 жылғы 25 қазан
№ 241/6 қаулысына
қосымша
1 | 2 | 3 |
584 | Мемлекеттік нөмірі S636 ВМ, 1991 жылы шыққан ЗИЛ ММЗ-45-20 автомашинасы | Екібастұз қаласы («Екібастұз политехникалық колледжі» КМҚК-ның балансында) |
585 | Мемлекеттік нөмірі S860 ВD, 1977 жылы шыққан ГАЗ-52-05р автомашинасы | Павлодар қаласы («№ 5 кәсіптік лицей» ММ-нің балансында) |
586 | Мемлекеттік нөмірі S498 АН, 1993 жылы шыққан ВАЗ-21063 автомашинасы | Павлодар қаласы («№ 5 кәсіптік лицей» ММ-нің балансында) |