2010-2012 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралы
Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2009 жылғы 20 желтоқсандағы № 20/1 шешімі
(2010.25.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 13 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексі 75-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 6-бабына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШТІ:
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010.30.03. № 23/1 шешімімен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2010.26.04. № 24/11 шешімімен (бұр.ред.қара) (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2010.28.05. № 25/1 шешімімен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.23.07. № 27/2 шешімімен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.25.10. № 29/1 шешімімен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Сәйкесінше 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес 2010-2012 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті бекітілсін, соның ішінде 2010 жылға мына көлемде:
1) кірістер - 72 238 184 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер - 7 217 700 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 497 988 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 1 837 мың теңге;
трансферттердің түсуі - 64 520 454 мың теңге;
2) шығындар - 72 551 058,8 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 331 417,5 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 1 017 424 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 686 006,5 мың теңге;
4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо - 138 000 мың теңге, соның ішінде:
мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түскен түсімдер - 2 000 мың теңге;
қаржылық активтерді сатып алу - 140 000 мың теңге;
5) дефицит - 782 292,3 мың теңге;