Техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1454 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 552 Қаулысымен күші жойылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 53) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2010 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1454 қаулысымен бекітілген
Техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын жүргізу
қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 53) тармақшасына сәйкес әзірленген Техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын ( бұдан әрі - мемлекеттік кадастр) жүргізу тәртібін белгілейді.
2. Мемлекеттік кадастрды жүргізу Жер қойнауының мемлекеттік қорының жағдайын есепке алу жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
3. Мемлекеттік кадастрды жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүргізеді.
2. Техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын жүргізу тәртібі