«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 552 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 552 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2015 жылғы 21 шілдедегі

№ 552 қаулысына

қосымша



Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі

 

1. «Техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1454 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 9, 114-құжат).

2. «Жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын алғашқы есепке алу материалдарына негізделген жер қойнауының жай-күйі туралы геологиялық есептің арнаулы нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1459 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 9, 117-құжат).

3. «Кен орындарының және пайдалы қазбалар көрініс белгілерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1494 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 10-11, 133-құжат).

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.