Жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын алғашқы есепке алу материалдарына негізделген жер қойнауының жай-күйі туралы геологиялық есептің арнаулы нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1459 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 552 Қаулысымен күші жойылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 119-бап 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын жер қойнауының жай-күйі туралы геологиялық есептің арнаулы нысандары бекітілсін:
мұнай қорының есептік теңгерімі (1-нысан);
табиғи жанатын газ қорының есептік теңгерімі (2-нысан);
конденсат қорының есептік теңгерімі (3-нысан);
құрамдас бөліктер қорының есептік теңгерімі (этан, пропан, еріген және еркін газдағы бутандар) (4-нысан);
мұнай және орындарындағы күкірт қорының есептік теңгерімі (5-нысан);
гелий қорының есептік теңгерімі (6-нысан);
ванадий қорының есептік теңгерімі (6-1-нысан);
көмір қорының есептік теңгерімі (7-нысан);
қатты пайдалы қазбалар қорының есептік теңгерімі (8-нысан);
көмірсутек кен орындарының жер қойнауларының мониторингі есептілігі (ЖҚМ (КС) 1-нысан);
қатты пайдалы қазбалардың, кен орындарының мониторингі есептілігі (ЖҚМ (ҚПҚ) 2-нысан);
жерасты сулары мониторингі есептілігі (ЖҚМ (ЖС) 3-нысан).
2. «Жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын алғашқы есепке алу материалдарына негізделген жер қойнауының жай-күйі туралы геологиялық есептің арнаулы нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 маусымдағы № 638 Қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 27, 331-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2010 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1459 қаулысымен
бекітілген
Мұнай қорының_________ жылғы есептік балансы
(1-нысан)