Кеден қызметін дамыту жобасы жөніндегі Байқау комитетін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 358 Қаулысы
(2009.17.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 29 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімнің (Кеден қызметін дамыту жобасы) 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Кеден қызметін дамыту жобасы жөніндегі Байқау комитеті құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Кеден қызметін дамыту жобасы жөніндегі Байқау комитеті туралы ереже бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кеден қызметін дамыту жобасын іске асыру жөніндегі басшылықтың қабылдануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2009.17.11. № 1859 қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 20 наурыздағы
№ 358 қаулысымен
Бекітілген
Кеден қызметін дамыту жобасы жөніндегі Байқау комитетінің құрамы
| Жәмішев Болат Бидахметұлы
| - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төраға |
| Кәрбозов Қозы-Көрпеш Жапарханұлы
| - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы, төрағаның орынбасары |
| Сүкіров Нұрболат Николайұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті жаңғырту және перспективалық даму басқармасының бастығы, хатшы |
| Есекеев Қуанышбек Бақытбекұлы
| - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы |
| Дәленов Руслан Ерболатұлы
| - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |