«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңы (2026.12.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

3. Қазақстан Республикасының және әкімшілік-аумақтық бөліністің өндіріп алынатын мемлекеттік мүлікке құқықтары мемлекеттік мүлікті өндіріп алу кезінде құқықтар өтетін тұлға осы мүлікке құқықтарға ие болған кезден бастап тоқтатылады.

 

89-бап. Реквизициялау нәтижесінде алынған мемлекеттік мүлікке құқықтарды тоқтату

1. Тұлға бұрын өзіне тиесілі болған, реквизициялау кезінде мемлекет ие болған мүлікті осы Заңның 44-бабының қағидалары бойынша талап еткен кезде, осы мүлікке мемлекеттің құқықтары тоқтатылады.

2. Реквизициялау кезінде алып қойылған мүлікті қайтару осы Заңның 44-бабының қағидалары бойынша жүзеге асырылады.

 

2023.12.07. № 23-VІІІ ҚР Заңымен 90-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

90-бап. Тәркілеу нәтижесінде алынған мемлекеттік мүлікке немесе мемлекет кірісіне айналдырылған мүлікке (активтерге) құқықтарды тоқтату

Соттың мүлікті мемлекет меншігіне тәркілеуге немесе мемлекет кірісіне айналдыруға негіз болған актінің күшін жоюы (тиісті бөлігін өзгертуі) тәркіленген мүлікке немесе мемлекет кірісіне айналдырылған мүлікке (активтерге) мемлекеттің мүліктік құқықтарын тоқтатуға негіз болып табылады.

Тәркіленген мүлікті қайтару немесе оның құнын өтеу осы Заңның 213-бабы 5-тармағының қағидалары бойынша, ал басқарушы компанияның басқаруына немесе меншігіне берілген мүлік пен активтерді қайтару немесе олардың құнын өтеу Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

 

91-бап. Мемлекеттік материалдық резервтегі материалдық құндылықтарды пайдалану немесе одан шығару жолымен мемлекеттік мүлікке құқықтарды тоқтату

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттік материалдық резервтегі материалдық құндылықтарға мемлекеттің құқықтары, мемлекеттік материалдық резервтің жаңартуға жататын материалдық құндылықтарын жəне номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды басқа мемлекеттік органдардың балансына беруді қоспағанда, мемлекеттік материалдық резервтегі материалдық құндылықтарды пайдалану немесе одан шығару нәтижесінде тоқтатылады.

2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару:

1) жаңарту;

2) қарызға алу;

3) броньнан шығару тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін.

2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік материалдық резервтегі материалдық құндылықтарды иеліктен шығару олардың құны толық төленген немесе аккредитив ашылған не екінші деңгейдегі банктер кепілдік берген жағдайда жүргізіледі.

5. Мемлекеттік материалдық резервтен шығару кезінде материалдық құндылықтарды өткізуден алынған қаражат бюджет есебіне жатқызылады.

2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда

6. Басқа мемлекеттік органдардың балансына өтеусіз негізде жаңарту тəртібімен берілген мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары, сондай-ақ номенклатура өзгерген жəне кəдеге жаратылған немесе жойылған кезде броньнан шығарылғандарды қоспағанда, броньнан шығарылған материалдық құндылықтар бюджет қаражаты есебінен өтелуге жатады.

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын жұмылдыру мұқтажы үшін пайдалану Қазақстан Республикасының, мемлекеттік органдардың, əкімшілік-аумақтық бірліктердің, ұйымдардың жұмылдыру жоспарлары негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек жəне гуманитарлық көмек көрсету үшін пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 7-тармақтың үшінші бөлігі 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

 

92-бап. Мемлекеттік мүлікті акционерлік қоғамдардың акцияларын төлеуге және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына беру

Мемлекеттік мүлікті акционерлік қоғамдардың акцияларын төлеуге және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына беру осы Заңның 114-бабының қағидалары бойынша жүргізіледі.

 

 

10-тарау. Мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару

 

1-параграф. Жалпы ережелер

 

93-бап. Мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару субъектiлерi

1. Сатушы (мүлікті иеліктен шығаруды жүргізуші тұлға) және сатып алушы (ие болушы) мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару субъектiлерi болып табылады.

2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 154-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Сатушы (мүлікті иеліктен шығаруды жүргізуші тұлға) - мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі және шет елдегі дипломатиялық қызмет органдарына бекітіп берілген мемлекеттік мүлікке қатысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі.

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Сатып алушы (ие болушы) - осы баптың 4 жəне 4-1-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару процесінде мүлiктi сатып алатын жеке тұлға немесе мемлекеттік емес заңды тұлға.

Сатып алушы (ие болушы) жағына бірнеше тұлға қатысқан кезде олар ынтымақтаса әрекет етеді.

4. Мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару кезінде Қазақстан Республикасының заңдарына немесе құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырылуы мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару объектісін сатудың (иеліктен шығарудың) шарты болып табылатын қызмет түрлерімен айналысуға құқығы жоқ заңды тұлғалар сатып алушылар (ие болушылар) бола алмайды.

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

4-1. Қор биржасында сауда-саттық жолымен жекешелендіруді қоспағанда, акционерлік қоғамдардағы (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі) акциялардың мемлекеттік пакеттерін (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) жекешелендіру кезінде тікелей мемлекет қатысатын квазимемлекеттік сектор субъектілері жəне олардың еншілес ұйымдары, сондай-ақ олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар сатып алушылар (ие болушылар) бола алмайды.

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді

5. Сатушы (мүлікті иеліктен шығаруды жүргізуші тұлға) қор биржасындағы мемлекеттік мүлікті жəне шетелдегі мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару процесін ұйымдастыру үшін делдал тартуға құқылы.

Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, өзге жағдайларда сатушының мемлекеттік мүлікті иеліктен шығаруы мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталын пайдалана отырып жүзеге асырылады.

 

94-бап. Мемлекеттік мүлікті иеліктен шығарудың түрлері

1. Мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару мынадай:

1) мемлекеттік мүлікті аукцион және тендер нысанындағы сауда-саттықта сату, қор биржасындағы сауда-саттық, екі кезеңді рәсiмдер жолымен өтетін конкурс, туынды бағалы қағаздарды сату арқылы жекешелендіру;

2) 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды

2-1) мемлекеттік мүлікті мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына тікелей атаулы сату;

3) осы тараудың 3-параграфында көзделген тәртіппен және жағдайларда мемлекеттік мүлікті сауда-саттық жүргізбестен иеліктен шығарудың өзге де тәсілдері түрлерінде жүзеге асырылады.

2. 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тек мемлекетке ғана тиесілі болатын мемлекеттік мүлік, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің не Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес иеліктен шығаруға жатпайтын мемлекеттік мүлік иеліктен шығару объектісі бола алмайды.

2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекеттік меншіктегі және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің меншігіндегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша бекітеді.

2025.10.01. № 154-VIII ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

5. Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі және шет елдегі дипломатиялық қызмет органдарына бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

6. Мемлекеттік кəсіпорынды мүліктік кешен ретінде иеліктен шығару кейіннен акцияларды (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) жекешелендіре отырып, оны акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) етіп қайта ұйымдастыру (қайта құру) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2-параграф. Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру

 

95-бап. Жекешелендiру жүргiзудiң негiзгi принциптері

Жекешелендiру жүргiзудің негiзгi принциптері жариялылық, бәсекелестiк, құқықтық мұрагерлік, лауазымды тұлғалардың жекешелендiру жүргiзудiң заңдылығы үшін жауапкершiлiгi және жекешелендiру объектiлері туралы ұсынылған деректердің дәйектілігі болып табылады.

 

96-бап. Жекешелендiру объектiсi

1. Мемлекеттік мүлiктiң мынадай түрлерi:

1) 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) жекешелендiрілуі тұйық технологиялық тiзбекті бұзбайтын мүлiктiк кешен ретіндегі кәсiпорынның өндiрiстiк және өндiрiстiк емес бөлiмшелерi мен құрылымдық бірлiктерi;

3) осы Заңның 85, 135, 145, 153, 161-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкі;

4) акционерлік қоғамдардың акциялары;

5) жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы қатысу үлестері;

6) мемлекетке тиесiлi акционерлік қоғамдардың акцияларына құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздар жекешелендiру объектілерi болып табылады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты мемлекеттік мүлікті жекешелендiру туралы шешiм шығарған күннен бастап мемлекеттік мүлік жекешелендiру объектiсi болады.

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жекешелендіруге жатпайтын, тек мемлекеттік меншікте ғана болатын мемлекеттік мүлік, сондай-ақ мемлекеттік меншіктегі және Қазақстан Республикасы Президентінің не Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес иеліктен шығаруға жатпайтын мүлік жекешелендіру объектісі бола алмайды.

 

97-бап. 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

98-бап. Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесiлi акциялары және мемлекеттiң жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталына қатысу үлестерi

2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесiлi акцияларын және жауапкершілiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысу үлестерiн сату осы Заңда, «Акционерлік қоғамдар туралы», «Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершілігі бар серiктестiктер туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген талаптар сақтала отырып жүргiзiлуге тиiс.

2. Шығарылуы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен тiркелмеген акцияларды сатуға жол берiлмейдi.

3. 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  

3-1. Мемлекетке тиесілі және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарына жататын акционерлік қоғамдардың акцияларын сату «алтын акцияны» мемлекеттің басқаруы сақтала отырып жүзеге асырылады.

2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  

3-2. Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарына жататын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына мемлекеттің қатысу үлестерін сату жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалпы дауыс санының төрттен бір бөлігінен астам мөлшеріндегі жарғылық капиталға мемлекеттің қатысу үлесі сақтала отырып жүзеге асырылады.

2015.22.04. № 308-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда

4. Мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың акцияларын жəне жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы мемлекеттің қатысу үлестерін сату осы Заңның 101-бабының 4-1 жəне 4-2-тармақтарына жəне 102, 103-баптарына сəйкес аукцион, тендер нысанындағы сауда-саттық, қор биржасындағы сауда-саттық жəне екі кезеңдік рəсімдер жолымен конкурс арқылы жүзеге асырылады.

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

5. Жарғылық капиталындағы акциялардың бақылау пакеті (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) тендерде сату қызмет бейінін жəне жұмыскерлердің штат санының кемінде үштен екісін сақтау шарттарымен жүзеге асырылады.

Акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қызмет бейінін, жұмыскерлерінің штат санын сақтау мерзімдерін сатушы мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мəселелері жөніндегі комиссияның шешімі негізінде айқындайды.

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

6. Əлеуетті сатып алушының (ие болушының) жəне əлеуетті сатып алушының (ие болушының) үлестес тұлғасының жарғылық капиталындағы акциялардың бақылау пакеті (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) сату жөніндегі бір аукционға, тендерге, екі кезеңдік рəсімдер жолымен конкурсқа қатысуға құқығы жоқ.

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

7. Мемлекеттік мүліктің өтінімдік тізбесіне енгізілген, акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) бақылау пакеті мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды жекешелендіру осы Заңның 10-тарауының 1 жəне 2-параграфтарында көзделген тəртіппен жүзеге асырылады.

 

99-бап. Жекешелендіру және жер учаскесіне құқық

Жылжымайтын мүлікті жекешелендіру кезінде жер учаскесіне құқық Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес сатып алушыға өтеді.

 

100-бап. Сауда-саттықты жүргізу шарттары

2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Неғұрлым жоғары баға ұсынған тұлға аукционда немесе тендерде ұтып алушы болып танылады.

Аукциондарда ұсыныстар жария түрде мәлімделеді, тендерлерде ұсыныстар жабық конвертте мәлімделеді.

Мемлекеттік кәсіпорындардың, жарғылық капиталындағы акциялардың бақылау пакеті (жарғылық капиталға қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қызмет бейінін сақтау мерзімін сатушы айқындайды.

Пайдаланылмайтын қару-жарақ пен əскери техниканы өткізу жөніндегі жабық тендерлерді немесе аукциондарды қоспағанда, аукцион мен тендер мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы пайдаланыла отырып, цифрлық нысанда өткізіледі.

2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Сауда-саттық ашық болуға тиіс. Жекешелендіру объектілерін сату тəртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Бір ғана қатысушы қатысқан аукциондар, егер қатысушы бастапқы немесе жарияланған бағаны растаса, өткізілді деп танылады.

Бір ғана қатысушы қатысқан тендерлер, егер қатысушы бастапқы бағадан кем емес құнды ұсынса, өткізілді деп танылады.

4. Сатып алушы сауда-саттық өткiзiлгенге дейiн өзi сатып алатын объектiнiң экологиялық жай-күйiне тексеру жүргiзуге құқылы.

 

2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 100-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

100-1-бап. Жекешелендіру объектісінің құны

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасы тəуелсіз консультанттар немесе бағалаушы ұсынған жекешелендіру объектісінің құнын бағалау туралы есептің негізінде айқындалады жəне оны мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мəселелері жөніндегі комиссия қандай құнның ең жоғары болатынына байланысты баланстық немесе бағалау құны мөлшерінде белгілейді.

Жекешелендіру объектілері, екінші жəне одан кейінгі сауда-саттықты өткізу жағдайларын қоспағанда, жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасынан төмен болмайтын бастапқы баға бойынша сатуға қойылады.

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Баланстық құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 500 000 еселенген мөлшерінен асатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) акцияларының мемлекетке тиесілі бақылау пакеттері (жарғылық капиталға қатысу үлестері) түріндегі жекешелендіру объектілерін бағалауды халықаралық бағалау стандарттарына сəйкес тəуелсіз консультанттар жүзеге асырады.

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, жекешелендіру объектілерін бағалау Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Сатушы жекешелендіру объектісінің құнын бағалауды жүргізу және (немесе) жекешелендіру объектілері бойынша мәмілені қолдау мақсатында тартатын заңды тұлғалар, оның ішінде шетелдік заңды тұлғалар немесе олардың бірлестіктері, бағалау және (немесе) инвестициялық қызметке және (немесе) қаржылық консультация беруге қатысушылар тәуелсіз консультанттар болып табылады.

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Тəуелсіз консультанттар мен бағалаушыны тарту Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Жекешелендіру объектісін сату бағасы өткізілген сауда-саттық нəтижелері бойынша белгіленеді.

 

101-бап. Жария сауда-саттықты өткізу тәртібі

2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны сатушы оны өткізуден кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын жариялауға тиіс. Хабарлама мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде жариялануға тиіс.

Хабарламада сауда-саттықтың уақыты, орны мен түрi, сату объектiсi және сауда-саттықты өткiзу тәртiбi туралы, оның iшiнде сауда-саттыққа қатысуды ресiмдеу, сауда-саттықты ұтып алған тұлғаны айқындау шарттары туралы мәлiметтер, сондай-ақ бастапқы баға мен кепiлдiкті жарнаның мөлшерi туралы мәлiметтер қамтылуға тиiс.

2. Сатушы сауда-саттық шарттарын өзгерткен жағдайда ол барлық өзгерістер туралы хабарламаны осы баптың 1-тармағында белгiленген тәртiппен және мерзiмде жасауға тиiс.

Сауда-саттық шарттарын өзгерту туралы хабарлама жарияланғанға дейiн оған қатысуға өтiнiм берген және осыған байланысты оған қатысудан бас тартқан тұлғалар кепiлдiк жарнасының және өздеріне келтірілген шығыстардың қайтарылуын талап етуге құқылы.

3. Сатушы сауда-саттық өткiзiлгенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей сауда-саттыққа қатысуға өтiнiм берген тұлғаларға келтірілген нақты зиянды өтей отырып, олардан бас тартуға құқылы.

Сауда-саттықты өткізудің мүмкін болмауына байланысты ол өткізілмеуі мүмкін. Егер сауда-саттықты өткізу сатушыға байланысты емес себептер бойынша еңсерілмейтін күштің салдарынан мүмкін болмаса, сатушы сауда-саттыққа қатысуға өтiнiм берген тұлғаларға келтірілген нақты зиянды өтеуден босатылады.

2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

4. Сауда-саттыққа қатысушылар сауда-саттық өткiзу туралы хабарламада көрсетiлген мөлшерде, мерзiмдерде және тәртiппен кепiлдiкті жарнаны енгізеді. Егер сауда-саттық өткізілмесе, кепiлдiкті жарна қайтарылуға жатады. Кепiлдiкті жарна өтінім берген, бірақ сауда-саттыққа қатыспаған, сауда-саттыққа қатысқан, бiрақ оны ұтпаған тұлғаларға және сауда-саттық өткiзуден кемінде үш жұмыс күні бұрын оған қатысудан жазбаша бас тартқан тұлғаларға да қайтарылады.