Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 219 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2010 жылғы 8 шілдедегі № 235 бұйрығы
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 555 бұйрығымен күші жойылды
«Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 17-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 219 бұйрығына төмендегі толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда атлаған бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпы ережесінің 1-бөліміқосымшаға сәйкес 18-1 тарауымен толықтырылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы С. Б. Ахметовке жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.