«Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 11 мамырдағы № 184 бұйрығы (күші жойылды)

Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 11 мамырдағы № 184 бұйрығы

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 506 бұйрығымен күші жойылды

 

Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу мақсатында бұйырамын:

1. Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - нұсқаулық) бекітілсін.

2. Ұлттық тестілеу орталығы (Қ.С.Әбдиев):

1) ұлттық бірыңғай тестілеудің нұсқаулығын жоғары оқу орындарының және облыстардың, Астана, Алматы қалаларының білім басқармаларының назарына жеткізсін;

2) ұлттық бірыңғай тестілеу нұсқаулығының орындалуын қамтамасыз етсін.

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (М.Ә.Бектемесов):

1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ұрламандар ақпарат құралдарында жарияласын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.Ә.Ырсалиевке жүктесін.

5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Б. Жұмағұлов

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2011 жылғы 11 мамырдағы

№ 184 бұйрығымен бекітілген

 

 

 

Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі

нұсқаулық

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Ұлттық бірыңғай тестілеуді (бұдан әрі - ҰБТ) ұйымдастыру және өткізу келесі кезеңдерді қамтиды:

1) ҰБТ өткізу пунктінің базасын қалыптастыру;

2) «Бітірушілер» деректер базасын қалыптастыру;

3) тестілеу өткізуге дайындық;

4) тестілеуді өткізу;

5) апелляция өткізу;

6) сертификаттарды басу және тарату;

7) жұмыс бойынша есеп дайындау.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.