ҚР Үкіметінің 2011.28.02. № 197 Қаулысымен стандарт жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 2105 қаулысымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті (бұдан әрі - ІІМ-нің КҚПК) және мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Астана, Алматы қалаларының және облыстардың Ішкі істер департаменттерінің Көші-қон полициясы басқармалары (бұдан әрі - ІІД-нің КҚПБ) көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет:
1) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 4, 22-баптары;
2) «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңының 21, 22-баптары;
3) «Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудің жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысымен бекітілген Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуі тәртібінің 13-тармағы;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметтің үлгі стандарты;
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімінің 14-тармағы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызмет стандарты туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) интернет-ресурсында: www.mvd.kz тізбесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген облыстардың, Астана, Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі - ІІД-нің) «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімде, сондай-ақ көші-қон полициясы бөлімшелерінде орналасқан ресми ақпарат көздері мен стенділерде орналастырылады.
5. Көші-қон карточкасының «тіркеу» бағанын толтыру не қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәйекті жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап бір жұмыс күні;
2) тұтынушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минуттан аспайды;
3) жүгінген күні тұтынушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет тегін болып табылады.
9. Мемлекеттік қызмет демалыс күндерінен басқа, аптасына алты күн (дүйсенбі - жұма сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліс, сенбіде сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін) ұсынылады. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
10. Осы мемлекеттік қызметті көрсететін көші-қон полициясы бөлімшелерінің үй-жайлары ғимараттың бірінші қабатында орналасады, ішкі істер органдарының басқа бөлімшелерінен бөлек, физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустары бар кіретін есігі, күту залы, құжаттарды толтыруға арналған орындары болады, қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стенділермен жарақталады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін шетелдікті не азаматтығы жоқ адамды қабылдайтын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген санаттардың біріне жататын шетелдіктер:
1) Қазақстан Республикасына келуге және болуға визасы бар шетелдіктің не азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын жарамды құжатты ұсынады, осы стандартқа 3-қосымшада көрсетілген елдердің азаматтары үшін виза талап етілмейді;
2) мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің лауазымды адамдары беретін шекарадан өткені туралы белгісі бар көші-қон карточкасын;
3) тіркеу туралы өтінішті ұсынады.
Қазақстан Республикасында уақытша болуы 6 айдан астам мерзімді құрайтын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу үшін қосымша:
1) толтырылған екі мекенжайлық келу парағын;
2) келу парағына толтырылған статистикалық есепке алу талонын;
3) 35х45 мм мөлшердегі бір фотосурет ұсынылады.
12. Тіркеу туралы өтініштердің бланкілерін (осы заңды тұлғаның ресми бланкілерінде ресімделетін заңды тұлғалардың өтініштерін қоспағанда) көші-қон полициясы бөлімшелерінің қызметкерлері береді, сондай-ақ осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес интернет-ресурстарда көрсетілген.
13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар тұтынушының болатын жері бойынша осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес көші-қон полициясы бөлімшелеріне өткізіледі.
14. Барлық құжаттарды қабылдағаннан кейін көші-қон полициясы бөлімшелерінің қызметкері тұтынушыға осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін күнін көрсете отырып, құжаттарды қабылдағаны туралы талон береді.
15. Уақытша болатын жері бойынша тіркеу туралы белгісі бар көші-қон карточкасын және жеке басын куәландыратын құжатты шетелдік, азаматтығы жоқ адам өзі өтініш білдірген жері бойынша алады. Тіркеу шетелдіктің не азаматтығы жоқ адамның бірінші жүгінген жері бойынша ғана ресімделеді.
16. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды толық көлемде бермеу мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Көші-қон полициясы бөлімшелерінің қызметі сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, құжаттардың сақталуын, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты қорғауды және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Көші-қон полициясы бөлімшелерінің жұмыс нәтижелері осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Көші-қон полициясы бөлімшелерінің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын ІІМ-нің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Электрондық мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген ІІД, ІІM-нің КҚПК хатшылығының қызметкері уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіреді және шағымды дайындауда жәрдемдеседі.
21. Шағымдар электрондық мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген ІІД-нің, ІІМ КҚПК-нің басшылығына демалыс күндерінен басқа, жұмыс күндері сағат 9-00-ден бастап 18-00-ге дейін, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сондай-ақ сенбіде сағат 9-00-ден бастап 13-00-ге дейін беріледі.
22. Дөрекі қызмет көрсетілгені туралы шағымдар пошталық және электрондық мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген ІІД-нің, ІІM КҚПК басшылығына демалыс күндерінен басқа, жұмыс күндері сағат 9-00-ден бастап 18-00-ге дейін, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сондай-ақ сенбіде сағат 9-00-ден бастап 13-00-ге дейін заңнамада белгіленген тәртіппен беріледі.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
24. Шағым еркін нысанда жазбаша түрде пошта, электрондық пошта арқылы не ІІД-нің, ІІМ КҚПК-нің хатшылығы арқылы қолма-қол қабылданады.
Жеке адамның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға тұтынушы қол қояды.
25. Қабылданған шағым ішкі істер органдарының ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі. Шағымның қабылданған күні мен уақыты, оны қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, сондай-ақ берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талон шағымның қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.
Шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіппен қаралады.
26. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Ы. Дүкенұлы көшесі, 23/1, КҚПК, ІІМ-нің www.mvd.kz интернет-ресурсында «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімінде, қабылдау белмесінің телефоны (7172) 20-55-73, осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес ІІД-де алуға болады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 2105 қаулысымен
бекітілген мемлекеттік
қызмет стандартына
1-қосымша