Қазақстан Республикасының
Заңы
Халықтың көші-қоны туралы
(2026.25.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:
2023.04.07. № 15-VІІІ ҚР Заңын қараңыз (2030 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);
2026.07.07. № 334-VIII ҚР Заңын қараңыз (2026 ж. 7 қыркүйектен, 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);
2026.14.07. № 350-VIII ҚР Заңын қараңыз (2026 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасы
3-бап. Көшіп келудің негізгі түрлері
4-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары
5-бап. Көшіп келушілердің құқықтары мен міндеттері
6-бап. Көшіп келушілердің келуінің, кетуінің және болуының жалпы шарттары
6-1-бап. Қазақстан Республикасында уақытша тұруға арналған рұқсатты алу
6-2-бап. Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсат
7-бап. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу
2-тарау. Қазақстан Республикасында халықтың көші-қоны процестерін басқарудың мемлекеттік жүйесі
8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
9-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті
11-бап. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
13-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
14-бап. Ұлттық қауіпсіздік органының құзыреті
15-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
3-тарау. Тарихи отанына оралу мақсатында көшіп келу
19-1-бап. Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы
19-2-бап. Қандастарды қабылдау жөніндегі комиссия
24-бап. Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру
25-бап. Қандас мәртебесін және «Ата жолы» картасының қолданылуын тоқтату
25-1-бап. «Ата жолы» картасын беруден бас тарту үшін негіздер
26-бап. Қандастардың құқықтары мен міндеттері
4-тарау. Отбасын біріктіру мақсатында көшіп келу
27-бап. Шақырушы адамдар және шақырушы адамдардың отбасы мүшелері
28-бап. Отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына келуге виза алудың тәртібі
29-бап. Отбасын біріктіру мақсатында келген көшіп келушілердің құқықтары мен міндеттері
5-тарау. Білім алу мақсатында көшіп келу
30-бап. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілер
31-бап. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілердің келу шарттары
33-бап. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілердің негізгі құқықтары мен міндеттер
6-тарау. Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында көшіп келу
34-бап. Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келетін көшіп келушілердің санаттары
35-бап. Шетелдік қызметкерлердің келу шарттары
36-1-бап. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота
37-1-бап. Жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін тартуы
41-бап. Маусымдық шетелдік жұмыскерлерді тарту, олардың келу жəне болу шарттары
43-1-бап. Еңбекші көшіп келушілердің келу және болу шарттары
43-2-бап. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру тәртібі
7-тарау. Гуманитарлық және саяси уәждер бойынша көшіп келу
44-бап. Гуманитарлық уәждер бойынша келетін көшіп келушілердің санаттары
45-бап. Саяси уәждер бойынша келетін көшіп келушілер
46-бап. Гуманитарлық уәждер бойынша келетін көшіп келушілердің келу және келуіне виза беру шарттары
47-бап. Саяси уәждер бойынша келудің және болудың шарттары
48-бап. Көшiп келушiнiң Қазақстан Республикасына келуiне рұқсат беруден бас тарту үшiн негiздер
9-тарау. Қазақстан Республикасында ішкі көшіп-қонушылар
50-бап. Өз еркімен қоныс аударатын және өз бетінше қоныстанатын ішкі көшіп қонушылар
51-бап. Ішкі көшіп-қонушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері
10-тарау. Ішкі көшіп-қонушыларға жәрдем көрсету
52-бап. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын белгілеу
54-бап. Елден тыс жерге кететін Қазақстан Республикасы азаматтарының санаттары
55-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының елден тыс жерге кетуінің шарттары мен тәртібі
55-1-бап. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі
58-2-бап. Мемлекеттік бақылауды жүргізу тәртібі
59-бап. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
60-бап. Заңсыз көшіп келушілерді шығарып жіберу
62-бап. Осы Заңның қолданылу тәртібі
63-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2020.13.05. № 327-VІ Заңымен бүкіл мәтін бойынша «оралмандар», «оралмандарды», «оралмандарға», «оралмандардың», «оралман», «Оралмандарды», «Оралмандардың», «Оралмандар», «Оралман», «оралманның» және «Оралмандарға» деген сөздер тиісінше «қандастар», «қандастарды», «қандастарға», «қандастардың», «қандас», «Қандастарды», «Қандастардың», «Қандастар», «Қандас», «қандастың» және «Қандастарға» деген сөздермен ауыстырылды (2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «шетелдіктердің», «шетелдіктер», «шетелдіктерге», «шетелдіктерді», «шетелдік немесе», «шетелдік пен», «Шетелдік немесе», «шетелдікті», «Шетелдіктің», «(шетелдік», «шетелдіктерде», «Шетелдіктер», «Шетелдіктердің», «шетелдікке», «Шетелдікке» деген сөздер тиісінше «шетел азаматтарының», «шетел азаматтары», «шетел азаматтарына», «шетел азаматтарын», «шетел азаматы немесе», «шетел азаматы мен», «Шетел азаматы немесе», «шетел азаматын», «Шетел азаматының», «(шетел азаматы», «шетел азаматтарында», «Шетел азаматтары», «Шетел азаматтарының», «шетел азаматына», «Шетел азаматына» деген сөздермен ауыстырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Осы Заң халықтың көші-қоны саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, көші-қон процестерінің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) «Ата жолы» картасы - халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен бизнес-көшіп келушілерге не этникалық қазақтар қатарынан сұранысқа ие кәсіптері бар адамдарға он жылға дейінгі мерзімге, бірақ азаматтығы бар ел паспортының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге берілетін белгіленген нысандағы құжат;
2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) бұрынғы отандас - Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын азаматтығында болған және шетелде тұрақты тұратын адам;
2) бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету - қандастар мен олардың отбасы мүшелеріне қоғамға бейімдеу және ықпалдастыру мақсатында көрсетілетін (ақпараттық, заңдық, әлеуметтік, медициналық және білім беру) қызметтер кешені;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) келуге және кетуге берілетін рұқсат (бұдан әрі - виза) - осыған уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының көшіп-қонушының паспортындағы немесе оны ауыстыратын құжатындағы белгісі не осыған уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының цифрлық объектідегі белгісі, ол визада белгіленген уақытқа, мақсаттарда және шарттармен Қазақстан Республикасының аумағына келуге, оның аумағы арқылы жүріп-тұруға, онда болуға және Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге құқық береді;
4) еңбек көші-қоны - еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жеке тұлғалардың басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасынан, сондай-ақ мемлекет ішінде уақытша қоныс аударуы;
2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды; 2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен 4-1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-1) еңбекші көшіп келушіге рұқсат - жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) үшін еңбекші көшіп келушіге берілетін, белгіленген нысандағы құжат;
2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
4-2) жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген, еңбек делдалдығын көрсететін жеке немесе заңды тұлға;
5) заңсыз көшіп келу - шетел азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдардың келу және болу тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитті жол жүруді бұза отырып, Қазақстан Республикасына келуі және Қазақстан Республикасында болуы;
2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) заңсыз көшіп келуші - келу және болу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасында болатын шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адам;
2015.27.10. № 365-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды; 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 6-1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-1) корпоративішілік ауыстыру - Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және жұмыс істейтін заңды тұлғада Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, еңбек шартын бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру;
7) көшіп келу - шетел азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келуі;
8) көшіп келуші - Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келген шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адам;
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 8-1) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-1) көшіп келушінің цифрлық профилі - көшіп келушінің эталондық дерекқорын қалыптастыру және жаңартып отыру үшін цифрлық ресурстардан келіп түсетін мәліметтер негізінде қалыптастырылған, көшіп келуші туралы деректер жиынтығы;
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 8-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
8-2) көшіп келушінің эталондық дерекқоры - Қазақстан Республикасының аумағында болатын (аумағында тұратын) көшіп келуші туралы мәліметтерді орталықтандырылған түрде жинауға, сақтауға, өңдеуге және жаңартып отыруға арналған цифрлық объект;
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 8-3) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
8-3) көшіп келушіні тіркеу - Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының көшіп келушінің уақытша болатын жері мен мерзімі туралы мәліметтерді цифрлық объектіде белгілеуі;
9) көші-қон - жеке тұлғалардың бір мемлекеттен екінші мемлекетке, сондай-ақ мемлекет ішінде тұрақты немесе уақытша, ерікті түрде немесе мәжбүрлі түрде қоныс аударуы;
10) көшіп-қонушы - себебі мен ұзақтығына қарамастан, Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасынан кеткен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішінде қоныс аударушы адам;
2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 10-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10-1) қабылдаушы тұлға - көшіп келушілерді Қазақстан Республикасына уақытша тұру үшін шақыру туралы өтінішхат беретін және (немесе) олардың тұруына орын беретін Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматы мен азаматтығы жоқ адам немесе Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлға;
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 10-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
10-2) Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсат - уәкілетті мемлекеттік органдардың шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының аумағына келу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру құқығын беру туралы шешімін қамтитын электрондық құжат;
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 10-3) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
10-3) Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсатты ресімдегені үшін төлемақы - шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсатты ресімдеу кезінде жүзеге асыратын төлемақы;
11) Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелері - Қазақстан Республикасының шет елде орналасқан дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері, сондай-ақ консулдық мекемелері;
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12) тармақша жаңа редакцияда; 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2023 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) қоныс аударушы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ішкі көшіп-қонушы;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды; 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 12-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 12-1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12-1) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылардың немесе қоныс аударушылар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;
2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13) тармақша жаңа редакцияда
13) қандас - бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 13-1), 13-2) және 13-3) тармақшалармен толықтырылды
13-1) қандастарды бейімдеу және интеграциялау орталығы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын және қандастарға, олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және интеграциялау қызметтерін көрсетуге және уақытша тұруға арналған заңды тұлға;
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 13-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 13-2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13-2) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қандастардың немесе қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;
13-3) қандастар, этникалық қазақтар туралы ақпараттық дерекқор - этникалық қазақтар, қандастар және олардың отбасы мүшелері, олардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша орналасуы, сондай-ақ оларға көрсетілген мемлекеттік қолдау шаралары туралы деректер жиынтығы;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 13-4) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
13-4) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама - экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік талаптарына және білім деңгейіне сай келетін шетел азаматы жұмыскерге халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен берілетін белгіленген нысандағы құжат;
2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 13-5) тармақшамен толықтырылды
13-5) реадмиссия - шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың келу, кету, болу немесе тұру мәселелері бойынша заңнаманы бұза отырып, бір мемлекеттің аумағына келген немесе онда жүрген адамдарды Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес бір мемлекеттің құзыретті органдарының беруі (қайтаруы) және екінші мемлекеттің құзыретті органдарының қабылдауы;
14) 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15) 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
16) 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17) тармақша өзгертілді
17) тұрақты тұруға арналған рұқсат - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтаған кезде шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға ішкі істер органдары беретін және оларға Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұру құқығын беретін құжат;
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды
17-1) уақытша болатын (тұратын) жер - тұрғылықты жер болып табылмайтын және адам уақытша болатын (тұратын), мекенжайы бар ғимарат, үй-жай не тұрғынжай;
2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18) уақытша орналастыру орталығы - этникалық қазақтар мен қоныс аударушылардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің уақытша тұруына арналған тұрғынжай;
2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19) тармақша өзгертілді
19) уақытша тұруға арналған рұқсат - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтаған кезде көшіп келушілерге ішкі істер органдары беретін және болу мақсатына қарай оларға Қазақстан Республикасының аумағында белгілі бір мерзімге тұру құқығын беретін құжат;
19-1) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган - өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы басшылықты, көші-қон процестерін реттеуді, халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
20-1) 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
21) шақырушы адам - Қазақстан Республикасында тұратын және осы Заңға сәйкес отбасын біріктіру мақсатында өз отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасына келуіне жәрдемдесетін адам;
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 21-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
21-1) шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған цифрлық платформа - шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға цифрлық форматта мемлекеттік қызметтер, сондай-ақ өзге де сервистер көрсетуге арналған бағдарламалық қамтылым;
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 21-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
21-2) шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды сәйкестендіру және (немесе) аутентификациялау - шетел азаматы мен азаматтығы жоқ адамның жеке басын анықтау және растау процесі, ол Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен көшіп келушінің цифрлық профилін қалыптастыру және көшіп келушілердің эталондық дерекқорына мәліметтерді енгізу үшін дербес және биометрикалық деректерді жинау мен өңдеуді қамтиды;»;
2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 22) тармақша жаңа редакцияда
22) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота - Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушіге тартуға рұқсат етілген шетелдік жұмыс күшінің рұқсат етілетін шекті саны;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 23) тармақша өзгертілді
23) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат - Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту үшін жұмыс берушіге жергілікті атқарушы орган беретін белгіленген нысандағы құжат;
24) 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)