«Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығы (2015.25.08. берілген өзгерістермен)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
 
Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын бекіту туралы

(2015.25.08. берілген өзгерістермен)

 

Осы Жарлыққа түсініктемені қараңыз

 

Елдің әрбір өңірінің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту және тиімді пайдалану негізінде халықтың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы (бұдан әрі - Болжамды схема) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) үш ай мерзімде Болжамды схеманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;

2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

Өңірлік іс-шаралар жоспарларына қосылған өңірлер экономикаларының қолда бар өсу резервтерін іске асыру жөніндегі 2012 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын қараңыз

3. «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы № 167 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 31, 337-құжат) күші жойылды деп танылсын.

4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Астана, Ақорда, 2011 жылғы шілденің 21-і.

 

№ 118

 

ҚР Президентінің 2015.25.08. № 73 Жарлығымен болжамды схема жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2011 жылғы 21 шілдедегі

№ 118 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Елді аумақтық кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі
БОЛЖАМДЫ СХЕМАСЫ

 

Мазмұны

 

Кіріспе

1-бөлім. Аумақтардың экономикалық әлеуетін талдау және бағалау

2-бөлім. Аумақтық кеңістікте даму бағыттары

3-бөлім. Елді дамытудың болжамды өлшемдері

4-бөлім. Өңірлерді 2020 жылға дейін перспективалық дамыту схемалары

 

 

Кіріспе

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.