(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 2010.24.12 № 38/340 ШЕШІМІ

2011 - 2013 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Ақтау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 38/340 шешімі

(2011.12.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2011 жылғы 28 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 75 бабынына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына және облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 29/331 «2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 2091 болып тіркелген) сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:

Ақтау қалалық мәслихатының 2011.31.01. № 39/356 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.12.04. № 41/372 шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. 2011-2013 жылдарға арналған қалалық бюджет 1 қосымшаға сәйкес, соның ішінде 2011 жылға арналған қалалық бюджет келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 15 298 808 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша - 8 568 347 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша - 378 088 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 467 045 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша - 5 885 328 мың теңге;

2) шығындар - 16 051 390 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 2 705 340 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 2 705 340 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 10 000 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 10 000 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - 3 467 922 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 3 467 922 мың теңге, соның ішінде:

қарыздар түсімі - 2 700 000 мың теңге;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.