«Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 528 бұйрығы (күші жойылды)

Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 528 бұйрығы

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 458 бұйрығымен күші жойылды

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 45-1) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасы бекітілсін.

2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А.Жонтаева):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М.Н.Сарыбековке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Б. Жұмағұлов

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрлігі

С. Қаирбекова

«__»___________2011 ж.

 

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрінің

2011 жылғы 20 желтоқсандағы

№ 528 бұйрығымен бекітілді

 

 

Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу

қағидалары

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қағидалар Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің (бұдан әрі - Психологиялық қызмет) жұмысын реттейді.

2. Психологиялық қызмет көрсету Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы, Бала құқықтары туралы конвенция, сондай-ақ осы Қағидалар шеңберінде жүзеге асырылады.

3. Психологиялық қызмет орта білім беру ұйымдарының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

4. Психологиялық қызметтің құрылымы білім беру ұйымдарының тұрпатына, түріне және қажеттілігіне, сондай-ақ педагог-психологтар штатының бірлік санына қарай айқындалады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.