(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ Т...

Предыдущая страница

5. Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткеннен кейінгі кезең ішінде төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын есепті салық кезеңінің екінші, үшінші, төртінші тоқсандары үшін салық төлеуші оны табыс еткен күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде табыс етеді.

2008.10.12  № 100-IV ҚР Заңның 16 бабына сәйкес 141-бабы 6-тармағының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды

6. Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткеннен кейінгі кезең үшін төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы осы Кодекстің 139-бабының 1-тармағына және 199-бабына сәйкес өткен салық кезеңі үшін есептелген корпоративтік табыс салығы сомасының төрттен үші мөлшерінде есептеледі.

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

7. Корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi есептеу және төлеу бойынша осы бапта көзделген мiндеттілік қолданылатын, алдыңғы салық кезеңінің қорытындылары бойынша залал шеккен немесе салық салынатын табысы жоқ салық төлеушілер алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткен күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде салық органына ағымдағы салық кезеңіндегі корпоративтік табыс салығының болжамды сомасын негізге ала отырып, аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етуге міндетті.

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

8. Салық төлеушiлер есептi салық кезеңi iшiнде алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларация тапсырғанға дейiнгi кезең үшiн төлеуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есеп-қисабын қоспағанда, корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есеп-қисабын табыс етуге құқылы. Бұл ретте, алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларация тапсырғаннан кейiнгi кезең үшiн төлеуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есеп-қисабы есептi салық кезеңіндегі табыстың болжамды сомасын негiзге ала отырып жасалады және корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi төлеу мерзiмi басталмаған есептi салық кезеңiнiң айлары үшiн табыс етiледi.

Корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есеп-қисаптарында көрсетілген түзетулер ескеріле отырып, алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткеннен кейінгі кезең үшін төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының теріс мәні болмауы керек.

Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткеннен кейінгі кезең үшін төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есеп-қисабы салық кезеңінің 20 желтоқсанынан кешіктірілмей табыс етілуі мүмкін.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

9. Алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзiмiн ұзарту кезiнде:

1) алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғаннан кейiнгi кезең үшiн төленуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы осы баптың 6-тармағында белгiленген тәртiппен, оның iшiнде алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзiмi ұзартылған кезең үшiн есептеледi;

2) салық төлеушi алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғаннан кейiнгi кезең үшiн төленуге жататын аванстық төлемнiң болжамды сомасын негiзге ала отырып, көрсетiлген декларацияны табыс ету мерзiмi ұзартылатын кезең үшiн аванстық төлемнiң сомасын төлейдi.

Көрсетiлген декларацияны табыс ету мерзiмi ұзартылатын кезең үшiн аванстық төлемдердiң алдыңғы салық кезеңiне арналған корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғаннан кейiнгi кезең үшiн төленуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебiмен есептелген сомасы мен алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзiмi ұзартылатын кезең үшiн төленген аванстық төлем сомасы арасындағы оң айырма корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлем жөніндегі берешек деп танылады.

10. 2009.30.12 № 234-IV Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара).

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)

11. Бөлiну немесе бөлiнiп шығу жолымен қайта құрылу нәтижесiнде жаңадан пайда болған заңды тұлға осындай қайта ұйымдастырылу жүзеге асырылған салық кезеңiнде, сондай-ақ егер бөлiну немесе бөлiнiп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған заңды тұлға осындай қайта ұйымдастырылу жүзеге асырылған салық кезеңiнде корпоративтiк табыс салығын есептеген жағдайда, келесi екi салық кезеңi iшiнде корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi есептейдi.

Бөлiну немесе бөлiнiп шығу жолымен қайта ұйымдастырылу жүзеге асырылған салық кезеңiнде, сондай-ақ келесi екi салық кезеңi iшiнде алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткенге дейiнгi және одан кейiнгi кезең үшiн төленуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасын бөлiну немесе бөлiнiп шығу жолымен қайта ұйымдастырылу нәтижесiнде жаңадан пайда болған заңды тұлға ағымдағы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығының болжамды сомасын негiзге ала отырып есептейдi.

 

142-бап. Корпоративтік табыс салығын төлеу мерзімдері мен тәртібі

1. Салық төлеушілер корпоративтік табыс салығын төлеуді орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар корпоративтік табыс салығын төлеуді тұрақты мекеменің орналасқан жері бойынша жүргізеді.

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

2. Осы Кодекстің 141-бабының 1-тармағында көрсетілген салық төлеушілер корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді бюджетке осы Кодекстің 148-бабында белгіленген салық кезеңі ішінде, осы Кодекстің 141-бабына сәйкес айқындалған мөлшерде әр айдың 25-інен кешіктірмей, әрбір ай үшiн енгізуге міндетті.

3. Салық кезеңі ішінде бюджетке енгізілген аванстық төлемдер сомасы есепті салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларация бойынша есептелген корпоративтік табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызылады.

Салық төлеуші салық кезеңінің қорытындысы бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша төлемді декларация табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүзеге асырады.

 

15-тарау. ТӨЛЕМ КӨЗІНЕН ҰСТАЛАТЫН КОРПОРАТИВТІК ТАБЫС САЛЫҒЫ

 

143-бап. Төлем көзінен ұсталатын табыстар

1. Төлем көзінен ұсталатын табыстарға, егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, мыналар:

2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

1) Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасына, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаға төлейтін ұтыстар;

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

2) осы тармақтың 2-1) тармақшасында көрсетiлгендердi қоспағанда, резидент еместердiң осы Кодекстiң 192-бабына сәйкес айқындалатын, осындай резидент еместердiң тұрақты мекемесімен байланысты емес Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстары;

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi)

2-1) осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетiлген, резидент еместiң филиалына, өкiлдiгiне немесе тұрақты мекемесiне төленетiн табыстар;

2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

3) Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасына, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаға төлейтін сыйақы;.

2. Мыналар:

1) мемлекеттік бағалы қағаздар мен агенттік облигациялар бойынша сыйақы;

2) орналастырылған зейнетақы активтері бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына, өмірді сақтандыру саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына, пайлық және акционерлік инвестициялық қорларға және орналастырылған активтер бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін инвестициялық табыстар;

3) тармақшаның  қолданылуы туралы 2008.10.12  № 100-IV ҚР Заңның 16-1-бабын қара

3) сыйақы есептелген күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;

4) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде банктік қарыз операцияларын жүзеге асыратын ұйымдарға төленетін кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы;

5) кредиттік серіктестіктерге төленетін кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы;

2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнаулы қаржы компанияларына секьюритилендіру мәмілелері үшін төленетін кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы;

7) резидент банкке төленетін кредит (қарыз), депозит бойынша сыйақы;

8) резидент лизинг берушіге төленетін қаржы лизингі бойынша сыйақы;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

9) репо операциялары бойынша сыйақы;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

10) микрокредиттік ұйымдарға төленетін микрокредиттер бойынша сыйақы;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)

11) мыналарға:

бағалы қағаздар нарығында кәсiби қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға;

бағалы қағаздар нарығында кәсiби қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар арқылы заңды тұлғаларға төленетiн борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12) үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің кооперативтерінен басқа, акционерлік қоғамдар, мекемелер мен тұтыну кооперативтері нысанында тіркелгендерді қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдарға төленетін депозиттер бойынша сыйақыға төлем көзiнен салық салынуға жатпайды.

 

144-бап. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын есептеу тәртібі

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығының сомасын салық агенті төлем көзінен салық салынатын төленетін табыс сомасына осы Кодекстің 147-бабының 3-тармағында белгіленген ставканы қолдану жолымен айқындайды.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Салық агенті осы Кодекстің 143-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген табыстарды қоспағанда, 143-бабында көрсетілген табыстарды төлеу кезінде төлем көзінен ұсталатын салықты табысты төлеу нысаны мен орнына қарамастан, ұстап қалуға міндетті.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Заңды тұлға құрылымдық бөлімшесі төлеген (төлеуге жататын) төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша өзінің осындай құрылымдық бөлімшесін төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша салық агенті деп өз шешімімен тануға құқылы.

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның шешімі немесе мұндай шешімнің күшін жою мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше салық агенті деп танылған жағдайда, онда заңды тұлғаның мұндай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмастан қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаға төленетін (төлеуге жататын) табыстардан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.

 

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 144-1-баппен толықтырылды  (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

144-1-бап. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмастан қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі

Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмастан қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың осы Кодекстің 143-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген табыстарынан корпоративтік табыс салығын есептеу, ұстау және аудару, сондай-ақ салық есептілігін табыс ету осы Кодекстің 23-тарауында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

 

145-бап. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын аудару тәртібі

1. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық агенттері төлем жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей, төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасын аударуға міндетті.

2. Төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасын аудару салық агенті орналасқан жер бойынша жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасын бюджетке аударуды тұрақты мекеме орналасқан жер бойынша жүргізеді.

 

146-бап. Төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы жөніндегі есеп-қисап

Салық агенттері төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы бойынша есеп-қисапты төлем жүргізілген тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей табыс етуге міндетті.

 

16-тарау. САЛЫҚ СТАВКАЛАРЫ, САЛЫҚ КЕЗЕҢІ ЖӘНЕ САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ

 

147-бап. Салық ставкалары

2008.10.12  № 100-IV ҚР Заңның 4 бабына сәйкес:

1) 2009 жылғы 1 қаңтардан 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін - 20 процент мөлшері;

2) 2013 жылғы 1 қаңтардан 2014 жылғы 1 қаңтарға дейiн - 17,5 процент мөлшері қолданылатыны белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексінің) 147-бабы 1-тармағының корпоративтік табыс салығы ставкасының мөлшері бөлігінде қолданылуы 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды

2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, салық төлеушінің осы Кодекстің 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына және осы Кодекстің 137-бабында белгіленген тәртіппен ауыстырылатын залалдары сомасына азайтылған салық салынатын табысы 20 проценттік ставка бойынша салық салуға жатады.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

2. Егер ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалардың осы Кодекстiң 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына және осы Кодекстiң 137-бабында белгiленген тәртiппен ауыстырылатын шығындар сомасына азайтылған салық салынатын табысы ауыл шаруашылығы өнiмiн, бал ара шаруашылығы өнiмiн өндiру жөніндегі, сондай-ақ өзi өндiрген аталған өнiмдi қайта өңдеу мен өткізу жөніндегі қызметтi жүзеге асырудан алынған жағдайда, мұндай табыс 10 проценттiк ставка бойынша салық салынуға жатады.

2008.10.12  № 100-IV ҚР Заңның 5 бабына сәйкес 147-бабы 3-тармағының  төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы ставкаларының мөлшері бөлігінде қолданылуы 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды

2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Резидент еместердің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстарын қоспағанда, төлем көзінен салық салынатын табыстар төлем көзінен 15 проценттік ставка бойынша салық салуға жатады.

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

4. Резидент еместердiң осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағының 1) - 8), 10) - 29) тармақшаларында айқындалатын Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын, осындай резидент еместердiң тұрақты мекемесiмен байланысты емес табыстарына, сондай-ақ осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетiлген табыстарға осы Кодекстiң 194-бабында белгiленген ставкалар бойынша салық салынады.

5. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы корпоративтік табыс салығына қоса осы Кодекстің 199-бабында белгіленген тәртіппен 15 проценттік ставка бойынша салық салуға жатады.

 

148-бап. Салық кезеңі

1. Корпоративтік табыс салығы үшін 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.

2. Егер ұйым күнтізбелік жыл басталғаннан кейін құрылса, оның құрылған күнінен бастап күнтізбелік жылдың аяғына дейінгі уақыт кезеңі ол үшін бірінші салық кезеңі болып табылады.

Бұл ретте ұйымның әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткен күні оның құрылған күні болып есептеледі.

3. Егер ұйым күнтізбелік жылдың аяғына дейін таратылса, қайта ұйымдастырылса, жыл басталғаннан бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейінгі уақыт кезеңі ол үшін соңғы салық кезеңі болып табылады.

4. Егер күнтізбелік жыл басталғаннан кейін құрылған ұйым осы жылдың аяғына дейін таратылса, қайта ұйымдастырылса, құрылған күнінен бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейінгі уақыт кезеңі ол үшін салық кезеңі болып табылады.

 

149-бап. Салық декларациясы

1. Қазақстан Республикасындағы көздерден тек қана төлем көзінен салық салуға жататын табыстар алатын және Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместі қоспағанда, корпоративтік табыс салығын төлеуші, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны орналасқан жеріндегі салық органына есептік салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.

2. 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация салық салу объектілері және (немесе) салық салумен байланысты объектілер туралы ақпаратты ашып көрсету жөніндегі декларациядан және оған қосымшалардан тұрады.

4. Оңайлатылған декларацияның негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші осы Кодекстің 427-бабына сәйкес салық салынатын табыстар бойынша корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларацияны табыс етпейді.

 

5-БӨЛІМ. АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫҢ АУМАҚТАРЫНДА ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ

 АСЫРАТЫН ҰЙЫМДАРҒА САЛЫҚ САЛУ

 

17-тарау. АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫҢ АУМАҚТАРЫНДА ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН

 ҰЙЫМДАРҒА САЛЫҚ САЛУ

 

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 150-тамрақ өзгертілді; 2011.21.07. № 470-ІV ҚР Заңымен 150-бап жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

150-бап. Жалпы ережелер

1. Осы бапты қолдану мақсаттары үшін бiр мезгiлде мынадай талаптарға сай келетiн:

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы салық органында орналасқан жері бойынша салық төлеуші ретінде тiркелген;

2) арнайы экономикалық аймақтың аумағынан тысқары жерлерде құрылымдық бөлiмшелерi жоқ;

3) өзі өндірген тауарларды, қызметтің осы түрлерінен туындайтын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден алынуға жататын (алынған) табыстар жылдық жиынтық табысының кемiнде 70 пайызын құрайтын осы Кодекстің 151-4-бабында көзделген қызмет түрлерін қоспағанда, өзі өндірген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден, осы бөлімде көзделген қызмет түрлерінен алуға жататын (алынған) табыстары жылдық жиынтық табысының кемiнде 90 пайызын құрайтын заңды тұлға қызметiн арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асыратын ұйым болып табылады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

2. Салық салу мақсатында бір мезгілде мынадай талаптарға сай келетін:

1) салық органында орналасқан жері бойынша салық төлеушілер ретінде тiркелген;

2) құрылымдық бөлiмшелерi жоқ;

3) өзі өндірген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден, осы Кодекстің 151-4-бабының 2-тармағында көзделген қызмет түрлерінен алуға жататын (алынған) табыстары жылдық жиынтық табысының кемiнде 70 пайызын құрайтын заңды тұлғалар да қызметін «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдар болып танылады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Осы тармақта көрсетілген заңды тұлғалардың тізбесін бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган және арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі мен оларды тарату саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган бірлесіп бекітеді.

Мұндай тізбені қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

3. Қызметiн арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыратын ұйымдарға:

1) жер қойнауын пайдаланушылар;

2) осы Кодекстің 279-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, құрастыруды (жинақтауды) жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, акцизделетiн тауарларды өндiретiн ұйымдар;

3) арнаулы салық режимдерiн қолданатын ұйымдар;

4) инвестициялық салықтық преференцияларды қолданған ұйымдар;

5) ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар жатпайды.

4. Алынған (алынуға жататын) табыстарды осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерiнен алынған табыстарға жатқызу облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен және нысанда берілген растауының негiзiнде жүзеге асырылады.

5. Салықтарды және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу, сондай-ақ нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару осы бөлімде және осы Кодекстің 244-2 және 244-3-баптарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

 

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 151-бап өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

151-бап. 2011.21.07. № 470-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2011.21.07. № 470-ІV ҚР Заңымен 151-1-баппен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

151-1-бап. Қызметін «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу