(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.26.10 № 1669 ҚАУЛЫСЫ

«Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1669 Қаулысы

(2011.11.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2012 жылғы 17 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Үкіметінің 2010.21.10. № 1092 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

ҚР Үкіметінің 2010.21.10. № 1092 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.11.03. № 253 Қаулысымен (бұр.ред.қара) кіріспе өзгертілді

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 34-бабының 2-тармағына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңның 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 2010.21.10. № 1092 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған «Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

ҚР Үкіметінің 2010.21.10. № 1092 Қаулысымен стандарт жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 26 қазандағы

№ 1669 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру»

мемлекеттік қызмет стандарты

 

1. Жалпы ережелер

ҚР Үкіметінің 2011.11.03. № 253 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің құрылымдық бөлімшелері - мекенжай бюролары (бұдан әрі - уәкілетті орган), сондай-ақ баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) көрсетеді, олардың тізбесі осы стандарттың 1, 2-қосымшаларында көрсетілген.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулыларының негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (http://www.mvd.kz, «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімі) интернет-ресурсында, тізбесі осы стандарттың 1, 2-қосымшаларында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету орындарындағы стенділерде, Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметінің (8-7172) 58-00-58 телефоны бойынша, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.

ҚР Үкіметінің 2011.11.03. № 253 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара

5. 3-қосымшаға сәйкес қағаз тасымалдағышта мекенжай анықтамасын беру көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.

ҚР Үкіметінің 2011.11.03. № 253 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара

6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) мынадай сәттерден бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

жеке тұлға уәкілетті органға өтініш берген сәттен бастап 10 минуттан аспайды;

Жеке тұлғалар осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды Астана қаласында және облыс орталықтарында орналасқан Орталықтарға тапсырған сәттен бастап құжаттар уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап - 3 жұмыс күні, Орталықтарға, оның ішінде Алматы қаласының Орталығына - 5 жұмыс күні. Заңды тұлғалардың жазбаша сұрау салулары - 5 жұмыс күні;

электрондық сұрау беру көзделмеген;

2) тұтынушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет алуды күтудің ең жоғарғы шекті уақыты 30 минуттан аспайды;

3) алушыға жүгінген күні қызмет көрсетудің ең жоғарғы шекті уақыты 10 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Жұмыс кестесі:

1) мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі уәкілетті орган демалыс және мереке күндерін қоспағанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін аптасына бес күн жұмыс істейді, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және тездетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

2) Орталық жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, белгілеген жұмыс кестесіне сәйкес аптасына алты күн, түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді, филиалдар мен өкілдіктер үшін Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 82 және 83-баптарын сақтай отырып, жұмыс кестесі бір сағаттық түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін белгіленеді. Қабылдау алдын ала жазылусыз және тездетіп қызмет көрсетусіз, «электронды» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

10. Уәкілетті органның үй-жайларында ішкі істер органдарының басқа бөлімшелерінен бөлек кіретін есігі, күту залы болады, ақпараттық стенділермен жабдықталады және ғимараттың бірінші қабатында орналасады, мүмкіндігі шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген.

Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Орталық ғимаратында да көрсетіледі, онда мүмкіндігі шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, бланкілерді толтыру үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушылар:

1) уәкілетті органға:

жеке тұлғалар - өзінің жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады. Туысқандарына мекенжай анықтамаларын алу үшін туысқандық байланысын растайтын (неке қию туралы куәлік, туу туралы куәлік) құжаттың түпнұсқасын ұсынады;

заңды тұлғалар - сұрау жіберуші бөлімше басшысы (қызметкері) қол қойған және заңды тұлғаның кеңсесінде тіркелген жазбаша сұрауларды;

мекенжай анықтамасын үшінші тұлғаға беру үшін жеке немесе заңды тұлғаның нотариалды куәландырылған келісімін;

2) Орталыққа:

өтініш;

жеке тұлғалар - өзінің жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесін ұсынады. Туысқандарына мекенжай анықтамаларын алу үшін туысқандық байланысын растайтын (неке қию туралы куәлік, туу туралы куәлік) құжаттың түпнұсқасын және көшірмесін;

заңды тұлғалар - сұрау жіберуші бөлімше басшысы (қызметкері) қол қойған және заңды тұлғаның кеңсесінде тіркелген жазбаша сұрауларды;

мекенжай анықтамасын үшінші адамға беру үшін жеке немесе заңды тұлғаның нотариалды куәландырылған келісімін ұсынады.

Орталық қызметкері құжаттар пакетін қабылдау кезінде көшірменің түпнұсқаға сәйкестігін салыстырып тексереді және түпнұсқаны өтініш берушіге қайтарады.

12. Уәкілетті органда мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш бланкілерін толтыру талап етілмейді.

Орталықта өтініш бланкілері күту залындағы арнайы тағанда не Орталық консультанттарында болады.

13. Орталықта толтырылған бланкілер осы стандарттың 2-қосымшада көрсетілген мекен-жай бойынша Орталықтың инспекторына тапсырылады.

14. ҚР Үкіметінің 2011.11.03. № 253 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

15. Тұтынушыға уәкілетті органның құжаттарды қабылдағаны туралы  жазбаша растау берілмейді. Мекенжай анықтамасын тұтынушы уәкілетті органға жүгінген сәтте алады.

Заңды тұлғалардан жазбаша сұраулар түскен жағдайда, уәкілетті орган сұраудың екінші данасына сұрауды қабылдаған тіркеушінің деректерін, сұраудың қабылданған күнін қояды.

Құжаттарды Орталық арқылы қабылдау кезінде тұтынушыға:

сұрауды қабылдау нөмірі мен күні;

сұралатын мемлекеттік қызмет түрі;

Қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;

құжаттардың берілген күні (уақыты) мен орны;

Орталықтың құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

16. Уәкілетті органда мекенжай анықтамасын беру жеке тұлға өзі жүгінген кезде жүзеге асырылады.

Уәкілетті органның тіркеушісі тұтынушылардың жазбаша сұрауларына мекенжай анықтамаларын конвертке салады және тұтынушыға пошта арқылы жолдайды.

Орталықта тұтынушыға дайын құжаттарды беруді Орталық инспекторы қолхат негізінде онда көрсетілген мерзімде «терезелер» арқылы жүзеге асырады.

17. Тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган немесе Орталық мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

Орталықтан түсетін құжаттарды ресімдеудегі қателер анықталған кезде не осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакеті ұсынылмаған кезде уәкілетті орган құжаттар пакеті қабылданғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде қайтару себептерін жазбаша негіздей отырып, оларды Орталыққа қайтарады.

Құжаттар пакетін алғаннан кейін Орталық бір жұмыс күні ішінде тұтынушыны хабардар етеді және уәкілетті органның қайтару себебі туралы жазбаша негіздемесін ұсынады.

Егер тұтынушы құжаттарды алу үшін мерзімінде келмеген жағдайда, Орталық оларды 1 ай мерзімде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды уәкілетті органға тапсырады.

Уәкілетті органда мекенжай анықтамаларын сақтау мерзімі және жою тәртібі ведомстволық нормативтік құқықтық актілерде айқындалады.

 

 

3. Жұмыс қағидаттары

 

18. Уәкілетті органның және Орталықтың қызметі тұтынушыға қатыстылығы бойынша мынадай қағидаттарға негізделеді:

1) адамның конституциялық құқықтарын және бостандықтарын сақтау;

2) қызметтік борышты өтеу кезінде заңдылықты сақтау;

3) тұтынушылармен жұмыс кезіндегі сыпайылық;

4) өтініштерді қарау кезінде лауазымды адам қызметінің айқындығы;

5) құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

 

 

4. Жұмыс нәтижелері

 

19. Уәкілетті орган мен Орталық жұмысының нәтижелері осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20. Уәкілетті органның және Орталықтың жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәндері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен жыл сайын бекітеді.

 

 

5. Шағымдану тәртібі

 

21. Осы стандарттың 5, 6-қосымшаларында уәкілетті лауазымды адамның іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға көмек көрсететін уәкілетті адамның байланыс деректері көрсетілген.

22. Қызмет көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда байланыс деректері осы стандарттың 7, 8-қосымшаларында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыруға жауапты лауазымды адамдарға шағым жасалады.

23. Әдепсіз қызмет көрсетілген жағдайда байланыс деректері осы стандарттың 9, 10-қосымшаларында көрсетілген мемлекеттік қызметті тікелей ұсынатын лауазымды адамдарға шағым жасалады.

ҚР Үкіметінің 2011.11.03. № 253 Қаулысымен 23-1-тармақпен толықтырылды

23-1. Мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

24. Шағым құзыретіне шағымда қойылған мәселелерді шешу кіретін субъектіге немесе лауазымды адамға арналуы қажет.

Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, почталық мекен-жайы, заңды тұлғаның, - оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетілуі қажет. Шағымға тұтынушы қол қоюы тиіс. Шағым берген кезде субъектінің немесе іс-әрекетке шағым жасалатын лауазымды адамның қызметі, тегі мен аты-жөндері, жүгіну себептері және талабы көрсетіледі.

25. Қабылданған шағым уәкілетті органның, ішкі істер органының, Орталықтың ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде қаралады. Өтініш берушіге күні мен уақыты, өтінішті (шағымды) қабылдаған адамның, тегі мен аты-жөні көрсетілген талон осы стандарттың 11-қосымшасына сәйкес беріледі.

Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша түрде почта арқылы хабарланады.

26. ҚР Үкіметінің 2011.11.03. № 253 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

27. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Техникалық қызмет департаментінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1. Жеке мәселе бойынша департамент басшысы сәрсенбі күндері алдын ала жазылу арқылы сағат 17.00 ден 19.00-ге дейін қабылдайды.

 

ҚР Үкіметінің 2011.11.03. № 253 Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 26 қазандағы

№ 1669 қаулысымен бекітілген

мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша

 

Ішкі істер органдары мемлекеттік қызмет көрсететін орындардың

тізбесі

 

 

ҚР Үкіметінің 2011.11.03. № 253 Қаулысымен 2-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 26 қазандағы

№ 1669 қаулысымен бекітілген

мемлекеттік қызмет стандартына

2-қосымша

 

Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) мемлекеттік қызмет көрсететін орындардың

тізбесі

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 26 қазандағы

№ 1669 қаулысымен бекітілген

мемлекеттік қызмет стандартына

3-қосымша

 

МЕКЕНЖАЙ АНЫҚТАМАСЫ

АДРЕСНАЯ СПРАВКА

 

Мекенжай бюросының мәліметіне сәйкес азамат(ша) _______________________________________________________________________

ПО сведениям адресного бюро гр-н(ка)

____________________________________________________________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы және жері) (фамилия, имя, отчество, год и место рождения)

мына мекенжай бойынша ______________________________________________________________________________________________

по адресу                                      (қала, көше, үйдің №, ауыл көрсетілсін) (указать город, улицу, № дома, село)

20 ___ж. «___» __________

тіркелген (шығарылған)

прописан (выписан)

___________________________________________________________________________________________________________________

(облыс, аудан, егер тіркеуден шығарылса, қайда кеткені көрсетілсін)

(область, район, если выписан, указать куда выбыл)

Анықтаманы тексерген

мекенжай бюросының қызметкері

Справку наводил сотрудник адресного бюро

__________ қолы ________________________________________________________

подпись

20___ ж. «___» ____________

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 26 қазандағы

№ 1669 қаулысымен бекітілген

мемлекеттік қызмет стандартына

4-қосымша

 

 

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 26 қазандағы

№ 1669 қаулысымен бекітілген

мемлекеттік қызмет стандартына

5-қосымша

 

 

Ішкі істер органдарының шағымдану тәртібін түсіндіретін лауазымды адамдарының байланыс деректері

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 26 қазандағы

№ 1669 қаулысымен бекітілген

мемлекеттік қызмет стандартына

6-қосымша

 

 

Әкімдер аппараттарының шағымдану тәртібін түсіндіретін лауазымды адамдарының

байланыс деректері