Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 903 Қаулысы
(2012.02.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 26 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы шеңберінде сауда саясатын жетілдіру, ықпалдасу үдерістерін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Ведомствоаралық комиссияның құрамы;
2) Ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының