Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының бірыңғай бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 36 бұйрығы
(2018.24.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Әділет министрінің 2018.24.09. № 1437 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Әділет министрінің 2018.24.09. № 1437 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының бірыңғай бағдарламасы бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің Төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.