Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды жасау және беру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 18-02/211 бұйрығы
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 27 қазандағы № 453 бұйрығымен күші жойылды
«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 13-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандары осы бұйрыққа 1, 2-қосымшаларға сәйкес;
2) Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектордың актілерін жасау және беру қағидасы осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекциясы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) аумақтық бөлімшілерімен бірге осы бұйрықтан туындалатын қажетті шаралардың қабылдануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
3) бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
4) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.