Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 147-ө бұйрығы
(2016.17.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 10 маусымдағы № 193 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Төменкөміртекті даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды және кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Энергетика министрінің м.а. 2016.17.11. № 496 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2012 жылғы 10 мамырдағы
№ 147-ө бұйрығымен бекітілген
Көмiртегі бiрлiктерінің мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы қағидалар Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес әзірленген және көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін (бұдан әрі - Мемлекеттік тізілім) жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) айналымға енгізу - Мемлекеттік тізілім шоттарының бірінде көміртегі бірліктерін бастапқы шығару;
2) беру - Мемлекеттік тізілімдегі көміртегі бірліктерін бір тұлғаның шотынан екінші тұлғаның шотына аудару;
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.