Өтініш берушінің (лицензиаттың) жарғылық капиталының ең төменгi мөлшері туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 168 Қаулысы
(2022.11.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018.29.01. № 11 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013.27.08. № 212 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018.29.01. № 11 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022.23.11. № 106 Қаулысымен (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Өтініш беруші үшін мыналарға жарғылық капиталдың ең төменгi мөлшері белгіленсін:
1) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiшiнiң 800 000 еселенген мөлшерінде ерікті зейнетақы жарналарын (ерікті жинақтау зейнетақы қоры) тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
2) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – АҚ туралы Заң) белгіленген жарғылық капиталға қойылатын талаптан аспайтын мөлшерде номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру;
3) клиенттердің шоттарын ұйымдық-құқықтық нысанда жүргізу құқығынсыз брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға:
акционерлік қоғам - АҚ туралы Заңында белгіленген жарғылық капиталға қойылатын талаптан аспайтын мөлшерде;