Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 маусымдағы № 610 Қаулысы
(2010.31.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 7 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің қарамағындағы ұйымдар Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Мәдениет комитетінің қарамағына берілсін.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.