Аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметінің жұмысын тексеру парағының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 29 мамырдағы № 290 бұйрығы
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1025 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 39) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметінің жұмысын тексеру парағының нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) мемлекеттік тіркеуден кейін оның ресми түрде жариялануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация вице-министрi А.Ғ. Бектұровқа жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.