Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1025 бұйрығы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 21-1-бабының 2-тармағына және 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) бір апта мерзімде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберуді;
2) «Әділет» ақпараттық жүйесінде ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интранет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.