Ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлер эмиссиясы рәсімінің операторын айқындау және Процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 шілдедегі № 959 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 567 Қаулысымен күші жойылды
«Процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 7-1/179 бұйрығын қараңыз
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 1-бабының 39-3) тармақшасына және 5-бабының 9-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлері эмиссиясы рәсімінің операторы - «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы болып айқындалсын.
2. Қоса беріліп отырған Процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2012 жылғы 21 шілдедегі
№ 959 қаулысымен
бекітілген
Процессингтік орталықтың жұмыс істеу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Процессингтік орталықтың қызмет ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 5-бабының 9-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және процессингтік орталықтың жұмыс істеу тәртібін айқындайды.