Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 шілдедегі № 843 Қаулысы
(2006.28.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу ережесi бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 20.03.04 ж. № 364; 2005.28.01 № 73 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі бекітілген Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын барлық шетелдiк бұқаралық ақпарат құралын тиiсiнше есепке алуды қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының