«Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асырудың кейбір мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысы
(2010.06.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 8 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Yкіметінiң 2005 ж. 17 қыркүйектегі № 925 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.30.07. № 1157 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса беріліп отырған:
1) Инвестициялық преференцияларды көздейтiн инвестицияларды жүзеге асыруға арналған модельдiк келісім-шарт;
2) Инвестициялық преференциялар берiлетiн экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы сыныптауыш сыныптары деңгейде қызметтiң басым түрлерiнiң тiзбесi;
3) инвестициялардың ең жоғарғы көлемдері;
4) Инвестицияларды мемлекеттік қолдау саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттік органдардың мамандарын, консультанттар мен сарапшыларды тарту ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының